Баталов «Көмек 103» жүйесінің тиімділігін айтты
Фото: ortcom.kz
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысында денсаулық сақтау саласындағы алғашқы медико-санитарлық көмектің, әсересе ауылдық жерлерде қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.
Бұл мәселе өңір үшін өте өзекті, себебі облыстағы халықтың 80%-ы ауылдық жерде тұрады.
«Облыста 5,5 млрд теңгеге 18 нысанның құрылысы жүріп, 5 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу аяқталып, 1 млн 450 мың электрондық денсаулық төлқұжаты тіркеліп, халықты қамту деңгейі 83%-ды құрады. Биылғы жылдан бастап «Көмек 103» жүйесі іске қосылды, бұл жедел жәрдемнің ауылдық жерлерге жету уақытын 15 минутқа, қалаларда 7 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді облыс басшысы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ