АҚШ Сенаты Сауд Арабиясына әскери қолдау көрсетуден бас тартты

0

АҚШ Сенаты журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Йемендегі қақтығыста Сауд Арабиясына әскери көмекті тоқтату туралы шешімге келді.

Заң шығарушылар қабылдаған қарарда кісі өлтіргені үшін басты кінәлі ретінде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман танылды. Тағы бір құжат америкалық әскерлерді Йеменнен шығаруға бағытталған. Бұл қарарға 56 сенатор қолдап дауыс берсе, 41-і қарсы болды. Осы қарардан кейін Сенат Сауд билігі кінәлілерді жазалауы тиіс деген шарт қойды. Резолюция әлі де талқыладаны және оны АҚШ президенті Дональд Трамп тексеріп шығуы тиіс. Дегенмен, аталған құжат АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасымен бекітілуі екіталай.

Қарарда айтылғандай, Йемен қақтығысы бойынша енді АҚШ-тың барлық әскери күштерін елге қайтару керек. Құжат авторларының айтуынша, Хашогги ісіне қатысты қатаң шаралар орындалуы тиіс. «АҚШ Сенаты бірауыздан Мұхаммед бин Салман Жамал Хашоггидің өліміне жауапты екенін мәлімдеді. Бұл – қатаң қарар. Менің ойымша, осы шешім Құрама Штаттарының мықтылығын білдіреді», – дейді Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Боб Коркер.

Вермонт штатының тәуелсіз сенаторы Берни Сандерс резолюцияны тарихи сәт деп атады. «Бүгін біз Сауд Арабиясының деспотикалық режимін әшкерелейміз, яғни енді біздің жасақ олардың әскери авантюрасына қатыспайтын болады», – деді ол.

Өткен аптада Орталық Барлау Басқармасының басшысы Джина Хаспел Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетіне Түркиядағы Сауд Арабия консулдығында болған жағдайға бей-жай қарамау керектігін айтқан соң, журналист өлімі мен адам құқықтары мәселесін талқылауға қатысты жабық режимдегі брифинг өтті. Сол кезде ОББ басшысы Линдси Грэм Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуға және Йемендегі соғыста оларды жақтап, көмектесуге болмайды деді. Ал ресми Ақ үй Сауд Арабиясымен қарым-қатынас басқа да қауіп-қатерге қарсы тұру үшін өте маңызды деп мәлімдей отырып, қарарды қабылдаудан бас тартты.

«The Qazaq Times»