«Головкин бұл жеңілісті ер адамдай көтеру керек». Альварес үшінші жекпе-жек өткізу туралы

0
Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек туралы сөз ете отырып, GGG қарымтада жеңілгенін мойындау керегін айтады. 

Аьварестің сөзінше, Головкиннің өзіне қарата кері сөйлеуді жалғастырып келе жатқанына таңқалып отырған жоқ.

Головкин және Альварес үшінші жекпе-жек уақытын белгілеп қойғанға ұқсайды

«Ол мұны ары қарай да айтады, ал жауап жекпе-жектен кейін белгілі болады. Олар жеңілгенін ешқашан мойындамайды, әсіресе алғашқы жеңілісі болғандықтан. Мұның ауыр екенін білемін. Түсінемін. Бірақ оған бұл жекпе-жектің қалай өткенін түсінген жөн. Жеңілген өзі көріп, түсіну қажет. Бұл жеңілісті ер адамдай көтеру керек», — деп келтіреді Альварестің сөзін cbssports.com.

«Біз жақсы екі жекпе-жек өткіздік, үшіншісі неге болмасқа?» — дейді мексикалық.

«Үшінші рет жұдырықтасады». Оскар Де Ла Хойя Головкин — «Канело» трилогиясы бойынша мәлімдеме жасады

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/