Батыс Қазақстанда жолдар мұз құрсауында қалды
Өңірдегі жолдар жалтыр мұзға айналып, тазарту үшін көлік жетпей жатыр
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Орал-Федоровка трассасында кептеліс пайда болды.
«Хабар 24» хабарлағандай, оның себебі көктайғақ екен. Бұл учаскеде, өкінішке орай, жол апаты да болыпты. «ГАЗель» жүк көлігі аударылып, ірі жүк көлік жыраға түсіп кеткен: құрбандар жоқ.
Ресеймен шекаралас өңірдегі жолдарға құм және тұз қоспасын төгуге үлгермей жатқан көрінеді. Самара, Саратов, Орынбор жаққа баратын учаскелер әлі көк мұз болып жатыр.
Облыс орталығында да жағдай сондай.
Жол пайдалану кәсіпорнының басшысы Аңсар Рахматуллиннің мәліметінше, трассаларға 12 сағатта 350-400 тонна құм және тұз қоспасы төгілген. Ал қолда бар техника қажеттіліктің 50%-ын ғана қанағаттандырады, сондықтан үлгермейміз, деді ол.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/