6 қарашадағы тарихи оқиға: Авраам Линкольн жеңді

0

6 қарашадағы тарихи оқиға: Авраам Линкольн жеңді

6 қараша күні халықтың 80 пайызы қатысқан сайлауда Республикалық партия атынан президенттілікке Авраам Линкольн ұсынылып,  жеңді. Сөйтіп ол АҚШ-тың 16-Президенті ретінде тарихқа өз атын қалдырды.

Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан америкалық құлдарды бірінші азат етуші, Америка халқының ұлттық батыры – Авраам Линкольн 1809 жылы 12 ақпанда кедей фермер жанұясында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласты. Жанұясының ауыр жағдайына байланысты мектепке небары бірер жыл шамасында барды, алайда сауаттылыққа үйреніп, кітапқа құмарлығы артты. Кәмелетке толған шағында дербес өмір сүруге бағыт алды, емтихан тапсырды және қорғаушылық тәжірибесіне рұқсат алады. Иллинойсте тағы үнділер көтерілісі кезінде жасаққа кіріп, капитан болып сайланды, алайда шабуылдарға қатыспады. Жалпы, Линкольннің саясаттағы мансабы 1935 жылы 26 жасында басталғанымен ол соған дейін өмірдің ыстық-суығын біраз тартқан адам. 

1831 – бизнесі банкротқа ұшырады:
1832 – өз мемлекетінің заңнамалық палатасына сайлауда жеңіліске ұшырады;
1834 – тағы да кәсібі банкрот болды:
1835 -1836 – өмірдегі сәтсіздіктерге байланысты жүйкесі сыр беріп ұзақ емделді;
1838 – тағы да сайлауда жеңіліске ұшырады;
1843, 1846, 1848 – АҚШ конгресіне сайлауда жеңіліске ұшырады;
1855 – сенатқа сайлауда жеңіліске ұшырады;
1856 – Құрама Штаттарының вице-президенті лауазымына үміткер ретінде сайлауда жеңіліске ұшырады;
1858 – сенатқа сайлауда жеңіліске ұшырады;
1860 – АҚШ президенті болып сайланды; 

Оның құлдарды азат етуі мен құлиеленушілікке қарсы болуы Америка халқын екіге бөлді. Нәтижесі 1961-65 жылдардағы азаматтық соғысқа ұласты. 1865 жылы театрдағы қастандық кезінде ауыр жараланып қаза тапты.