Бүгін — Алғыс айту күні құтты болсын!
Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі.
Алғыс айту күні — бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет — еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды.
Жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті.
Айта кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз — елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Мерекемен KZNEWS сайты оқырмандарын шын жүректен құттықтаймыз!