Жыртқыш құстардың сипаттамасы | Скачать Курстық жұмыс
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құстардың дене бітімі мен экстерьері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе
І. Құстардың жалпы сипаттамасы
1.1. Құстар класының сипаттамасы
1.2. Әр түрлі отрядқа жататын құстардың түрлері
ІІ. Құстардың дене бітімдері мен экстерьері
2.1. Құстардың дене бітімдері
2.2. Қазақстандағы құс шаруашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше
маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге
жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын
белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан
олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б)
денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің
дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына
әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я
өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы
және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына
қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына
мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-
нан аса түрі бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы
КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы
құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек
кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі
бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құс шаруашылығы — мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін
ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр.
Осы заманғы құс фабрикасы деп — орталықтан жылу берілетін, электр жарығы
мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы
үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше
қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық
механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық
сақталатын — инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар,
мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор
құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады.
Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі
құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі
арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте
ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып
келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене
мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын — қысқалылығы, қанаттары мен
құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше
нұсқаларда кездеседі. Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж
жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдармен
мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да
жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы
жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін.
І. Құстардың жалпы сипаттамасы
1.1. Құстар класының сипаттамасы
Қазақстан құстарға өте бай. Елімізде 488 құс түрі тіркелген. Олар
еліміздің барлық бөлігіңде кездсседі. Әртүрлі алқаптарда мекендейді.
Құстардың маңызы өте зор. Олардың көпшілігі ауыл және орман
шаруашылығына әртүрлі өсімдіктер зиянкестерін жойып өте үлкен пайда
келтіреді.
Кейбір түрлері әуесқой және кәсіптік аңшылық нысаналары болып келеді.
Көптеген құстардың этикалық және эстетикалық маңызы үлкен.
Ал кейбір түрлері шектен тыс пайдаланғандықтан сандары күрт кемуде.
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар құстар Қазақстанның Қызыл
Кітабына енгізілген.
Құстардың Қазақстанның Қызыл Кітабындағы (1978, 1991, 1996) санаттары.
1 санат — жойылып бара жатқандар (жойылып кету қаупі бар түрлер
мен түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар
туралы бірнеше жылдар — 50 жылдан астам уақыт бойында ешқандай деректер
жоқ).
2 санат — саны азайып бара жатқандар (саны әлі де болса
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып
кетушілер санатына қосылатын түрлер).
3 санат — сирек (қазіргі кезде жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте
аз кездесетін немесе аймақтары шектеліп табиғи және адам қызметінің
әсерінен тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде тез жойылып кететін
түрлер).
4 санат — белгісіздер (тіршілігі толық зерттелінбеген, ал саны
мен қауымдастық жағдайы алаңдатушылық туғызатын, бірақ мәліметтердің
жетіспеушілігінен оларды жоғарыда айтылған санатқа жатқызуға болмайтын
түрлер).
5 санат — қалпына келгендер (қорғау жұмыстарын қолға алу
нәтижесіңде енді қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіпшілік пайдалануға
болмайтын және қауымдастықтары тұрақты бағдарлауды қажет ететін түрлер).
Құстар класы — шыққан тегі бауырмен жорғалаушылардың көптеген
морфологиялық ерекшеліктерін сақтаған және сонымен бірге, бүкіл мүшелері
түгелімен дерлік майда морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, жалпы тіршілігі
күрт өзгерген омыртқалы жануарлардың оқшауланған тобы.
1.2. Әр түрлі отрядқа жататын құстардың түрлері
Үлкен суда жүзетін құстар. Бұлар солтүстік жартышардың тундралық және
тайгалық аймақтарында кең тараған. Бір түрі оңтүстікте Балқашта және Ыстық
көлде ұялайды. Бұл отрядқа жататын құстар ірі болып келеді: ең
кішкентайының салмағы (қызылжемсаулы маймаққаз) 2 кг, ал ақтұмсықты
маймаққаздың салмағы 4,5 кг асады.
Дене тұрқы ұзынша, аяқтары денелерінің артына қарай орналасқан. Ал
саусақтары толықтай жарғақпен біріккен. Сол себепті олардың жерде жүруі
қиын. Қанаттары жіңішке және үшкір, салыстырмалы түрде қысқа. Қауырсындануы
тығыз, денесіне тығыздалып орналасқан қатты қауырсындардан тұрады.
Құйрықтары қысқа, бірақ қатты қауырсындардан құралған. Тұмсығы ұзын, тік,
үшкір және езуіне қарай тегіс.
Күндізгі кұстар. Олардың тіршілігі сулы ортаға байланысты. Теңіздерде
және көлдерде мекендейді. Ұяларын су жағасына жақын орналастырады. Керемет
жүзеді және сүңгиді. Сүңгіген кезде көбінесе қанатын денесіне қысып
ұстайды, кейде жүзуге көмектеседі. Судың астында екі минуттан аса бола
алады. Тез бір түзу бойынша ұшады. Судан зорға жүгіріп барып көтеріледі.
Жағаға сирек шығады, жерден көтеріліп ұша алмайды. Құстар ұяларынан суға
түседі немесе сүңгиді, содан кейін ғана көтеріледі.
Тек балықтармен ғана қоректенеді. Егер балықсыз немесе балықтары аз су
қоймаларына қоныстанса, онда олар басқа көрші су қоймаларына ұшып барып
қоректенеді. Балықтардан басқа олар моллюскалармен, шаян тәрізділермен,
жәндіктермен жәнс басқа су омыртқасыздарымен қоректенеді. Бұл азықтар тек
қосымша болып саналады және олармен балапандары ғана қоректенеді.
Моногамдар. Тұрақты жұп құрмайтын сияқты. Жұмыртқа басуға және
балапандарды өргізуге екеуіде бірге қатысады. Әдетте, екі жұмыртқа салады.
Жұмыртқалары қоңырлау, қара, сүр, алабажақ. Жұмыртқаларын 25-30 күн басады.
Ширақ балапанды құстар. Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы
бар және аз уақыт ішінде жүзе алады. Балапандарының арқа жағы біртегіс
қоңырлау. Балапандарда түрлі екі мамық қауырсыны бар. Екінші мамық
қауырсындары қыста түлейді де, ересектерге ұқсайды. Қысқы жамылғыда құстар
үш ай болады желтоқсаннан науырыздың аяғына дейін. Толық түлеген кезінде
желпуіш қауырсындары да ауысады, мұндай кезде құстар қабілетінен айырылады.
Қораздарымен мекендерінің реңдері бірдей, бірақ қораздары ірілеу.
Маймаққаздардың онша көп маңызы жоқ. Балықтармен қоректеніп балық
шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін, бірақ олардың саны аз болғандықтан іс
жүзінде зияны байқалмайды. Әуесқой аңшылық нысандары. Олар өте сақ және
жаралануға төзімді. Олардың терісі Құс терісі ретінде бас киім, жаға
тігуге, көйлектерді әсемдеуге пайдаланылады. Маймаққазтәрізділерге тек бір
ғана тұқымдас жәнс бір туыс жатады.
ҚАЗТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ. Мойындары ұзын. Аяқтары қысқа, жүзетін
жарғақтары бар. Тұмсықтары орташа ұзындықты, тік; көпшілігінде жалпайған;
кейбірінде ұшына қарай жіңішкереді немесе кеңейеді. Үстіңгі және астыңғы
жақтарының шетінде мүйізді тақтайшалар немесе тісшелер орналасқан. Жоғарғы
жақтың ұшында қатты тырнақ бар.
Қауырысындануы қалың, тығыз. Мамықтары қалың бүкілденесін жабады.
Қанаттары орташа мөлшерлі, ұшталған. Әдетте құйрықтары қысқа, тек
кейбірінде орташа ұзындықта.
Түстері әртүрлі: кейбірі ақ; енді бірі сурша-қоңыр; көпшілігінде ашық
көкшіл түсті бөліктері бар; жеке түрлері күңгірт-қара түсті.
Кейбір түрлерінің басында ұзарған қауырсындардан құралған айдарлары
бар; көбінесе иық және ішкі желпуіш қауырсындары ұзарған.
Біздің үйректердің еркектері мен ұрғашыларының түстері әртүрлі.
Керісінше тропикалық үйректердің ата-аналықтарының түстерінде айырмашылық
болмайды. Біздің қаздар мен аққулардың жұптарының түстері бірдей.
Барлығының еркектері ұрғашыларынан ірі. Қораздарының шағылысу мүшесі бар.
Бұлардың өмірі суға тығыз байланысты. Құймышақ безі жақсы дамыған.
Жақсы жүзеді. Көпшілігі жақсы сүңгиді; кейбірі су астында үш минутқа дейін
бола алады жәнс үлкен терендікке батады. Су астында аяғымен жылжиды,
кейбірі қанаттарымен еседі. Көпшілігі мойынын созып, денесінің алдыңғы
бөлігін суға батырып азықтарын табады.
Олар жерде әртүрлі қозғалады. Қаздар мен қарашақаздар орташа жүреді,
тез жүгіреді; басқаларының жүрістері ауыр, шайқалып жүреді.
Үздіксіз қанат қағу арқылы көпшілігінің ұшуы тез. Ұшқан кезде әр
құстың қанаттары өздігінше ерекше дыбыс шығарады. Тек бірен — сарандары
ғана жақсы ұша алмайды, ал бір түрі — Патагониялық кемеүйрек — мүлдем ұша
алмайды, себебі олардың қанаттары қысқарған.
Азықтары әртүрлі. Жақсы сүңгитіндері майда балықтармен немесе су
астындағы моллюскалармен, көпшілігі аралас азықпен (тайыз сулардан алып)
қоректенеді. Қаздар негізінен су жағаларындағы немесе жер бетіндегі
өсімдіктермен қоректенеді.
Қоңыр қаздар мен аққулар тұрақты жұп құрайды. Көпшілігі тек көбею
кезінде ғана жұптасады. Жұмыртқа салып біткен соң еркектері ұрғашыларын
тастап кетеді. Олар жұмыртқа басуға және балапан өргізуге қатыспайды.
Ысылдақ шүрегейлерде нағыз полигамдық байқалады. Бірақ біздің
үйрсктердің сркектері баска жүптардың үрғашыларымен. кейдс тіптен басқа
турдің үрғашыларымен шағылысады. Барылдауық үйрек псн ысылдақ шүрсгейдің,
барылдауық үйрек пен бізкүйрық үйрсктің, бізкүйрық үйрек пен ысылдақ
шүрегейдің, ысылдақ шүрегей мен са-рыайдар үйректің, ысылдақ шүрегсй мен
қоңыр үйректің. барылдауық үйрек пен қызылтумсық сүңгуірдің, көк сүңгуір
мен алакөз сүңгуірдің будандары белгілі.
Көбінесе жеке жұптарымен ұялайды, кейде — шоғырланып ұялау да белгіле.
Ұяларын жер бетіне, тайыз суға, қамысқа, жүзінді көпаққа, ағаштағы кеуекке.
құздағы індерге, шыңдарға тұрғызады. Бірақ, әр кезде суға жақын жерде
орналастырады.
Көпшілігі алты-он, кейбірі он бес және аздаған түрлері бестен кем
жұмыртқа салады. Жұмыртқалары бір түсті ақ немесе сәл жасылдау және
қоңырлау-ақшыл.
Түлсу әр түрінде әртүрлі жағдайда өтеді. Көпшілігінде желпуіш
қауырсындары бірге түседі, ал олардың орнына жаңа қауырсындар үш аптадан
кейін шығады. Бұл кезде олар ұшу қабілеттілігінен айырылады.
Қазақстанда кейінгі кезде қазтәрізділердің саны онша өспеуде. Оның
негізгі себебі түлеу кезінде оларды жаппай аулау, ересек және есейген
балапандарды тұзақпен аулау, былайша айтқанда шексіз қасақылық. Оны
болдырмау үшін аңшылық шаруашылықтарында олардың қорын қорғау, қасақылармен
күресу және тиімді аулау мерзімін табу керек.
Аңшылық нысандылығынан басқа олардың үй құстарының шыққан тегі ретінде
маңызы бар. Барылдауық үйректен үй үйректері, қоңыр қаздан — қаздардың
көптеген тұқымдары, қытай қазынан үй қаздарының кейбір тұқымдары шыққан.
Пайдалары мен қоса зияны да бар. Қаздар, кейбір үйрек түрлері егіс
алқаптарында жайылып үлкен зиян келтіреді.
Жыртқыш құстардың сипаттамасы. Дене тұрқы ірілі-кішілі болып келетін
құстар. Қазақстанда кездесетін ең кішкентай жыртқыш құс қырғидың үлкендігі
кептерлердей ғана болса, сақалтай сияқты ете ірі жыртқыштардың дене тұрқы
бір метрден асып, қанаттарын жайғанда ұзындығы 3 метр, салмағы 6-7
килограмға жетеді. Жыртқыш құстардың дене құрылыстары ұстаған жәндіктерді
боршалап жұлып, шұқып, тесіп жеуге жақсы бейімделген. Тұмсықтарының мүйізді
қырлары ет кесетіндей өткір, ұштары шұқып жеуге және тесуге оңтайлы
имектеле үшкірленіп, көбінің тырнақтары өткір де қарымталы, саусақтары
қуатты болып біткен. Көздерінің айналасы, сирақ, саусақтары тықыр, ал енді
кейбіреулерінің сирақтарының қауырсындары біте өскен. Өлекселермен
қоректенетін жыртқыш құстардың мойны және басы тақыр немесе мамық
қауырсындармен қапталған, екі жақ шекесін сирек қылдар басып тұрады.
Қанат және құйрық қауырсындары өте қатты, көбісінің бағыттаушы құйрық
қауырсындарының саны 12, тек кейбір тазқаралардың қауырсындары ғана 14.
Жалпы қауырсындарының түсі реңсіз, күрең, сұр, қоңыр, қара және ақ түстеніп
әр түрлі болып келеді. Ересек жыртқыштардың қауырсындары көлденең жол-жол
өрнекті, ал жастарының дене сызықтары мен өрнектері бойлай тартылған.
Сирақтары торлы калқаншалармен немесе көлденең біткен ұсақ қалқаншалармен
қапталған. Саусақтарының үшеуі алдына, біреуі артына қараған, тек
күшігеннің төртінші саусағы артқа бұрыла алатындай орналасқан. Барлық
жыртқыш құстардың алақаны жұмсақ та саусақ еттері бұлшықты болып келеді.
Жыртқыш құстардың бас және аяқтарының қауырсынсыз тықыр бөліктері
көгілдір немесе сары түсті. Орманда тіршілік ететін түрлерінің қанаттары
қысқа, мұқыл болып дөңгеленіп келеді, ал жемдерін жасырынып барып,
жақындағанда тұтқиылдан ұстап алатын жыртқыштардың сирағы — жіңішке және
ұзын.
Көздері үлкен, алдарындағы кеңістіктегі, жан-жақтағы заттарды бірден
шалатындай орналасқан, әрі қырағы да сұсты, өткір болып келеді. Мысалы,
дала қыраны саршұнақтарды бірнеше жүз метр биіктіктен, ал лашын кептерлерді
бір километрден аса қашықтықтан көре алады. Кептеген жыртқыш құстардың
көздерінің үлкендігі дене салмағымен салыстырғанда едәуір ірілеу болып
келеді. Сарыш дейтін жыртқыш кұстың көзі, мәселен, адамның көзімен шамалас.
Бүркіттің салмағы адамның салмағына қарағанда 30-40 рет жеңіл болса да көзі
едәуір үлкен.
Жыртқыш құстардың есту мүшелері де жақсы жетілген. Бірақ иіс сезу
қабілеттері өте нашар. Көбісі иіс сезе де алмайды. Жыртқыш құстардың ішінде
иіс сезу қабілеті бар тек америкалық тазқаралар ғана. Бұл жыртқыштар өлген
аңдарды алыстан көріп, иісін де ажыратып, бірден тауып алады.
Жыртқыш құстардың да жемсауы болғанмен соқыр ішектері болмайды. Ұрғашы
жыртқыштардың жатыры екеу, шағылысатын айрықша мүшесі жоқ. Күшігеннен
басқаларының құйымшақ бездері өте нашар дамыған. Сыртқы жыныс белгілері тек
түстерінен және дене мөлшерлерінен ажыратылады. Әдетте аналықтары
аталықтарына қарағанда едәуір ірі. Аталықтарының қауырсын түстері
аралықтарыныкіне қарағанда әдемілігімен көз тартады, басқа отрядтардағы
құстарға қарағанда жыртқыш құстар ұзақ тіршілік етеді. 1886 жылы Оңтүстік
Америкадан Москва зоопаркіне екі ересек кондор әкелінген еді. Аталық кондор
75 жыл тіршілік етіп, 1961 жылдың октябрь айында өлген.
Жыртқыш құстарды көп жыл бойы торда ұстап барып және олардың аяқтарына
сақина салып, ұшырып жіберіп апықтаған деректерге қарағанда лашын,
күйкентай, күшіген, құладындар, жыланжегіш және аражегіш жыртқыш құстар 15-
20 жыл; сарыш, кезқұйрық — 25 жыл; бүркіт 80 жыл тіршілік еткен. Шет ел
әдебиеттерінің мәліметтеріне қарағанда, Африкадағы бір сұңқар 182 жыл
тіршілік еткен деген дерек бар.
Систематикасы (жүйеленуі). Жер шарында шамамен 8600 түрден құралған
құстар класының ішінде жеке отряд болып саналатын күндізгі жыртқыш
құстардың 270 түрі бар. Олардың анатомиялық және морфологиялық белгілері
бір-біріне ұқсас болғанымен тіршілік ету, әсіресе қоректену ерекшеліктері
әр түрлі болып келеді. Сондықтан күндізгі жыртқыш құстар отряды бір-біріне
жақын түрлерден топтастырылған екі отряд тармағына бөлінеді. Біріншісіне —
6 түрден құралған, тек Батыс жарты шарда ғана таралған америкалық
тазқаралар, екіншісіне 264 түрлі нағыз жыртқыш құстар жатады.
Нағыз жыртқыш құстар отряд тармағы үш тұқымдасқа топтастырылып: 1)
африкалық секретарьлар тұқымдасына-1 түр; 2) сұңқарлар тұқымдасына-58 түр;
3) қырандар немесе қаршығалар тұқымдасына — 205 түр жатқызылған.
1962 жылы шыққан көп томдық Қазақстан құстарының II томындағы
систематика бойынша берілген жүйеде республикамызда кездесетін 37 түрлі
күндізгі жыртқыш құстардың 8 түрі сұңқарлар тұқымдасына, 29 түрі қырандар
тұқымдасына орналастырылған.
Таралуы. Жыртқыш құстар оңтүстік полярлық аймақ — Антарктида және
кейбір өте алыс жатқан мұхит аралдарынан басқа жер шарының барлық
құрлықтарында тіршілік етеді. Әр түрлі географиялық облыстарда — өте ыстық
тропиктен Арктиканьщ ешқашан ерімейтін мұздарына дейін кездеседі. Жыртқыш
кұстардың кепшілік түрлері қоңыржай белдеуді мекендейді.
Әр түрлі жыртқыш құстардың жер шары бойынша таралуы климатқа,
қоректену ерекшеліктеріне, өскен өсімдіктердің өзгешеліктеріне және тағы
басқа тіршілік жасайтын сыртқы ортаға тікелей байланысты. Сондықтан олардың
тіршілік ететін орталары әр түрлі болады: кейбіреулері түрлі жәндіктерді
жеп тіршілік ете береді, жемді онша таңдамайды. Енді біреулері, керісінше,
белгілі бір жануар немесе экологиялық жағдай болса ғана сол жерде тіршілік
ете алады. Сондықтан кейбір түрлер кең таралып, бірнеше географиялық
облысты мекендейді. Мәселен, лашынның көптеген түр тармақтарын жер шарының
көпшілік тұсынан кездестіруге болады.
Әр түрлі жыртқыш құстардың осы кездегі географиялық таралуына сыртқы
экологиялық факторлармен қатар геологиялық дәуірлерде миллион жылдар бұрын
жер үстінде өткен құрлық пен теңіздердің бөлшектенуі, рельеф (жер бедері)
пен климаттың (ауа райы) өзгерулері өте әсер еткен.
Түрлі жануарлардың құстарды қоса алғанда әр түрлі географиялық
облыстарды мекендеулеріне байланысты, жер шарындағы құрлықтар өздеріне тән
фаунасы бар 6 географиялық облысқа бөлінеді. Біздің республикамыздың
территориясы Европаны, Солтүстік Азияны және Солтүстік Африканы Атлас
тауларына дейін алып жатқан Палеарктика зоогеографиялық облысқа қосылған.
Жыртқыш құстардың Палеарктика облысын мекендейтін түрлері кәдімгі жыртқыш
құстарға жатқызылады. Палеарктика облысы өзіне ғана тән түрлер мен түр
тармақтар мекендейтін зоогеографиялық аудандарға бөлінеді.
Қаршыға мен лашынның қанаттарын салыстырғанда мынадай айырмашылықтары
бар екенін көруге болады. Лашыниың қанаттары ұзын және үшкір болып келеді.
Мұндай қанаттар ащық далалы кеңістіктерде ұшуға бейімделген. Қаршығаның
қанаттары мұқыл, дөңгеленіп біткен. Серпуіш қауырсындары жан-жаққа
тарамданып тұрады және құйрық қауырсындары өте ұзын. Тасалардан ұрлана ұшып
келіп жайбарақат отырған құсты бас салып ұстап алуға бейімделген. Мұндай
қанаттар қалың орман арасымен өте тез бұлтарып ұшуға қолайлы.
Ірі қара, сақалтайлардың дене мөлшері ірі болғандықтан ең күшті
жыртқыш құстар болып көрінетін сияқты. Салмақтары да ауыр — 6-10 килограмға
дейін барады, қанаттарын жайғандағы ұзындығы 3 метрге дейін жетеді.
Жыртқыш құстардың қорек түрлері басқа насеком жейтін ұсақ торғай
тәрізді құстарға қарағанда аздау болады. Бір тәулікте ұстап жейтін жемінің
салмағы, орта есеппен алғанда, жыртқыш құстың өз салмағының 10-15
процентінен аспайды. Қаршығаның 1500 г келетін аналығы, мәселен, салмағы
800-1000 г болатын үйректі бір отырғанда бітіре алады. Бірақ зоопаркте
(торда) отырған қаршыға тәулігіне 150 г ет жеп те күнелте береді. Ірі
жыртқыш құстардың көбісі сирек қоректенеді, себебі өлексе үнемі табыла
берсін бе? Соған байланысты бұл жыртқыштар табылғанның бәрін бірден
тауысуға тырысады. Тазқаралардың, мысалы, қомағайлығы сонша, кейде тіпті
ауырлағанынан ұша алмай қалады. Мұндай кезде тазқара отырған жерге адам
немесе қасқыр жақындаса ол ұшу үшін жұтқан қорегінің біразын қайтадан құсып
тастап қашуға мәжбүр болады. Ірі жыртқыш құстардың осындай қабілеттеріне
байланысты олардың ас қорытатын бөтегелері де созылмалы болып келеді.
Тазқараның бөтегесінен жабайы аңның ұзындығы 30 см келетін сүйегі табылған.
Жыртқыш құстардық қорек сақтайтын және оны қорытатын мүшелеріне сыйып
кететін жемнің мөлшері едәуір көп болады. Жыртқыштық жұтқан жемі алдымен
ауызындағы сілекей бездерден шыққан сұйық заттар — ферменттер арқылы
жұмсартылып, өңешке барады. Өңештің арты кеңейіп, жұтқан жемді уақытша
сақтайтын және аздап жібітіп қорытатын жемсауға айналады. Жемсаудан қорек
безді бөтегеге барады.
Жапалақтардан басқа жыртқыш құстар жемін күндіз ғана ұстап жейді.
Сондықтан олар қорегін күндіз аулайтын жыртқыш құстар деп аталады.
Өлекселермен қоректенетін құстар қомағай болғанымен аштыққа төзімді.
Сондай құстардың бірі кезқұйрық үш жетіге дейін қоректенбей тіршілік етсе,
ал кейбір ірі қыран құстар бір жарым айға дейін аш жүре алады.
Бірақ кейбір ұсақ сұңқар, кезқұйрық кейде өзара үйірленіп, кейде басқа
жыртқыштармен қауым құрып ұялай береді. Ұя учаскелерінің аумағы әдетте
бірнеше шаршы километр жерді алып жатыр. Қыртқыш құстар ұяларын әр жерге
және әр түрлі етіп салады. Көбінесе ұяларын ағаш басына, таудың биік
шыңына, жартастардың кенерлеріне, адам бармайтын құлама жарлардың тесік
қуыстарына, кейде қолдан жасалған ескі кұрылыстардың үстіне (мазар, мола,
мешіт), … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz