Актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы 45 жасында тұрмысқа шықты
Өнер иесінің актерлік шеберлігінен бөлек, әншілік өнері туралы көпшілік біледі.
“Мен сахнада жеке дара әнші ретінде танылмасам да, спекакльдерде ән салуға тура келетін кездер болады. Оның үстіне жуырда тұрмысқа шығып, отбасылы болдым. Бір ошақтың түтінін түтеткеннің орынына, жұртпен жағаласып, әншілікке ұмытылғаным жөн болмас. Біз отбасымызда шариғат жолымен жүреміз. Егер ол кісі рұқсат беріп жатса, қазіргі заманда әншілігіңді таныту қиындық тудырмайтынын өзіңіз де жақсы білесіз. Десе де, әнші болуға құлшынып отырғам жоқ. Себебі, қазір маған ән салудан гөрі асыл жар, аяулы ана болу маңыздырақ”, – деп жауап берді.
Актриса өмірлік серігінін кім екенін айтудан бас тартты.
“Атын атамай-ақ қояйын. Бірақ ол кісі өнерден алшақ емес. Әрі ақын әрі сазгер. Спорт саласын да жақсы біледі. Былайша айтқанда, бір бойына бірнеше өнерді тоғыстырған азамат. Сондықтан жарымды қамқорым ғана емес, өнердегі сыншым десем де болады”, – деп шет-жағасын айтты.
Өнер иесі желіде өзімен бірге жүрген бойжеткеннің қызы екенін мойындады.
“Ол менің қызым. Бірақ, оны қалай бауырыма басқанымды жұртқа жар салудың қажеті жоқ. Бізді Алланың өзі табыстырды”, – деді актриса.