Халықтың көп бөлігінің табысы азайды – Әшімбаев

0

Қазақстан халқының айлық табысы азайған. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

– Қазақстандықтардың шамамен 5% табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. Бұл ретте 12 өңірде осы санаттағы азаматтардың саны көбейгені байқалады. Біз Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстар туралы айтып отырмыз. Егер жұмыспен қамту құрылымына қарасақ, онда бес миллионға жуық адам, яғни еңбек ресурстарының жартысы бізде өнімділігі төмен жұмыспен қамтылған, – деді Сенат төрағасы.

Әшімбаев мәселенің шешімі ретінде микро және шағын кәсіпкерліктің дамуын атады. Бүгінде бизнестің барлығы дерлік ірі қалаларда шоғырланған.

Сондай-ақ Әшімбаев Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы нәтижелер қуантады.

– Бүгінде бұл тәсілді республикалық деңгейде енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл мақсаттарға 2023 жылы еліміздің барлық өңірлері үшін 52 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл 11 мың шағын несие беруге мүмкіндік береді, – деді ол.