Қазақстанда 450 мыңға жуық адам жұмыссыз
2018 жылғы 12 желтоқсан 17:03 51
АСТАНА. ҚазАқпарат — 2018 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда жұмыссыздар саны 444,7 мың адамды құрады. Бұл — еліміздегі жалпы жұмыс күшінің 4,9 пайызы (биылғы жылдың қазанында — 4,8 пайыз болды), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қараша айында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 134,8 мың адамды құрады. Бұл — экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 1,5 пайызы.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz