Түркияда тұрып жатқан Алуа Қонарова табиғи апатты Алланың белгісі деп санайды
Отандық продюсер Алуа Қонарова анасы екеуі Түркияның Алания қаласында тұрып жатыр. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында елдегі жаңалықтармен бөлісіп, табиғи апаттың салдары туралы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Продюсер жер сілкінісін сезген. Бірақ олар тұрып жатқан Алания қаласында жағдай әлдеқайда қалыпты.
“Жаңалықтарды оқып жатырмыз. Қирандылар мен зардап шеккендер көп. Бұған дейін 1991 жылы болған дәл осындай жойқын жер сілкінісінің арты цунамиге ұласқан. Дұғадамыз. Аланияда бәрі тыныш”, – дейді Алуа Қонарова.
Сондай-ақ ол бұл табиғи апатты Алладан келген белгі деп санайды.
“Күн суытып кетті. Түні бойы нөсер жауып, күн күркіреді. Табиғи катаклизмді тоқтату мүмкін емес. Мен мұны Алладан келген белгі деп ойлаймын. Себебі адамдар дұрыс жолдан тайды. Жер-Анаға, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасы өзгерді. Бітпейтін соғыс, басқыншылық әрекеттер, шекараны басып алу, әлденеге талас, бөлісе алмау. Табиғи апат осындай жер бетіндегі құйтырқы әрекеттердің нәтижесі болған сияқты”, – дейді продюсер.