Құқық және құқықтық жүйе | Скачать Курстық жұмыс

0

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

МҚТ пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құқық және құқықтық жүйе

Орындаған: топ студенті

Тексерген: оқытушы

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …3

І – тарау. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және
заң жүйесімен айырмашылғы
1.1. Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы,
мәні … … … … … … … … … …5
1.2. Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылымы және заң
жүйесінен
айырмашылығы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … .9

ІІ – тарау. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
2.1. Англо – саксондық құқықтық
жүйесі … … … … … … … . … … … … … … … ..13
2.2. Роман – германдық құқықтық
жүйесі … … … … … … … . … … … … … … … .17
2.3. Мұсылмандық құқықтық
жүйесі … … … … … … … . … … … … … … … … … …19
2.4. Социалистік құқықтық
жүйе … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
21
2.5. Дәстүрлі құқықтық
жүйе … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …23

ІІІ – тарау. Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің
ролі мен қалыптасу тенденциясы
3.1. Қазақстанның территориясындағы құқықтық жүйелерінің
тарихи даму
кезеңдері … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 26
3.2. Қазақстандағы қазіргі құқықтық
жүйе … … … … … … … … … … … … … … ..27

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..29

Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер
тізімі … … … … … … … . … 31
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі
салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық
жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық
ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын
орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты
ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе,
тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде
қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде
азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар
жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама
– қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан
жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан Республикасының өз
тәуелсіздігінің сындарлы он жылын артқа тастады. Аталған он жылдан астам
уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету
және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар
күшін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған
тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер
қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын
тигізгенін айта кеткен жөн.
Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын
алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық
мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс
дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл
Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы
күрделі қарама – қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан
төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм
жағдайында өмір сүре бастайды.
1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады
және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады.
Курстық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында
төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
2. Қоғамның құқықтық жүйесін талдау;
3. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселері бойынша өзіндік тәсілдерді
зерттеу;
4. Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.
Қоғамның жүйесі мәселелері бойынша көптеген мақалалар, жинақтар,
оқулықтар жарияланды. Аталған тақырып бойынша зерттеулер бірқатар
жетістіктерге жеткен. Бірақ қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі көп жылдар
қатарынан пікір талас туғызып келеді. Бұдан шығатын қортынды қоғамның
құқықтық жүйесі тақырыбы мазмұнды болып табылады, сонымен қатар
қызығушылықта тудырады.
І – тарау Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң
жүйесімен айырмашылғы
1.1. Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін
көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы
дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның
обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы
әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер,
мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық
әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Әдет – ғұрып деп әрбір этностың тарихи
дамуы барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға
және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан
алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын
айтады. Әдет – ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай
мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тархи – құқықтық
әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу
мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни,
қоғамдық өміріді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді . Қазақтың
мемлекеті тарихына, әдет – ғұрып заңдарын зерттеуге, билер институтының
демократиялық халықтық жақтарын ашып көрсетуге арналған ғылыми еңбектері
жарық көрді. Ең алғашқы соққыны қазақ халқының құқығы, әдет – ғұрып заң –
қағидалары патшалық Ресейден алды. Қазақ құқықғы туралы талай еңбектер
жазылды, жазылады да. Көшпелі қазақ қоғамы және әдет – ғұрып заңдарының
қалыптасуын сөз еткенде, қазақ қоғамының өткен тарихы жазба деректерге
кеміс болғанымен ауыз әдебиетіне өте бай. Соның бір көрінісі – шежіре.
Қазақ халқының ежелгі замандағы озық, ойлы да білікті азаматтары ұрпақтан
– ұрпаққа жалғасқан ата – бабалар шежіресін, өзінің ұлттық генеалогия
тарихын жазып қалдырып отырған. Халық арасында бүкіл қазақтың жетпіс жеті
атасын тарататын шежірешілері де болған.
Адам мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Құқықтың мазмұнын, тарихын,
белгі – нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп – басқару өте
қажет. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 жылы өзінің Ежелгі қоғам
деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі Семьяның, жеке
меншіктің және мемлекеттің шығуы деген зерттеуінде алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ
олардың пікірлері қазіргі тарихи – құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынады
бағалануда. Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай
нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, теологиялық,
реалистік, әлеуметтік, нормативтік, психологиялық, материалистік,
адхократиялық, идеологиялық, құқықтық экзистенциялық теориялар.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы
бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;
құқық қоғамдағы заңдылықты ,тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық
мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі
құрал. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның
қоғамдағы мәні, мазмұны, маңызы мен нысаны, сайып келгенде қоғамның
экономикалық, мәдени – рухани сипатына байланысты. К.Маркс Гота
программасына сын деген еңбегінде; Құқық еш уақытта да экономикалық
құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес —
деді.
Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір
бар: біріншісі-қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік
факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман
болар еді. Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі-біріші пікірге
қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп
түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Нигилизм қоғамда
қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы норималарды, жағымды мұраларды жоққа
шығарып мойындамау.
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы
барысында қоғамдық – экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән
сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге
құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз
арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік
мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы.
Қоғамның даму заңдылығы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп
соқтырады. Тарихи құқықтық әдебиетте құқықтың иайда болуының жолдары
мемлекеттің пайда болу себептерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттің
пайда болуының себептері құқықтың шығуына әкеп соғады. Алғашқы қауымдық
құрылыс қоғамдық қатынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер
мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасыларының қолдарында
шоғырлануы, байлар мен кедейлер арсындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар
мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет – ғұрып
нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын, байқатады.
Жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды реттеу басқа әлеуметтік
нормалар қажет болды. Ол құқық еді. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:
Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды
реттейтін әдет – ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі
уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған
мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу
мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік – құқықтық
кесімдерді шығара бастайды. Әдет – ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары
пайда болады.
Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды
қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай
ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылады.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың
еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Сонымен,
құқық — мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп
ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.
Құқықтың мазмұнының негізгі элименттері:
— қоғамның және адамдардың мүдде – мақсатын қорғау, орындау;
— қарым – қатынастарды реттеп – басқару;
— қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
— мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара
қатынасын реттеп – басқарып отыру;
— халықаралық қатынастарды реттеп – басқару;
Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып
отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
1.2. Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылымы және заң
жүйесінен айырмашылығы
Адам қоғамның даму процесінде бір – бірімен байланысты миллиондаған
қарым – қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескеріп жатады.Бұл обьективтік
диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп – басқару
барысында қоғамдағы қатынастардың обьективтік даму процесіне сәйкес
құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескеріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана
емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес обьективтік, диалектикалық даму
процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл
күрделі құқық процесі сала – салаға, жүйе – жүйеге бөлінумен шектелмейді.
Сонымен бірге қоғамның салалық – жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын,
қатынасын реттеп – басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін
жаңарып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, обьективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. Қоғамда құқық жасаушылық барысында
қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде
бір – бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға
болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік
құқықтық кеісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме –
жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты құрайды. Осыған орай әр
мемлекеттің құқықтық бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап
айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу
дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет – ғұрып, дін және
басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін
тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің
құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама –
қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен
шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми
тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен
қарама – қайшылықтарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір – бірімен тығыз байланыстағы құқық
нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды
реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір
тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы
қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. Құқытың қайнар
көздері құқық нысанының сырт жағын бейнелесе, оның ішкі нысаны өте күрделі
құқық құрылымының жүйесін, яғни құқық жүйесін құрайды. Жүйе деп әртүрлі
байланыстармен және өзара қатынастары мен біріккен жеке элементтерден
тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі. Құқықтың жүйесі оның ішкі
бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен
байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау – құқық нормасы болып
табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтастық бірігуі, олардың
арасындағы өзара іс – қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа
туғызады.
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне
тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық
жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық
жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына,
этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты
болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құықтық жүйелер жалпы ұғым
ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық
ерекшеліктерді, діни, әдет – ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап
етеді. Кез келген жүйе тәріздес құқық жүйесі мыналармен сипатталады: ол
қандай элементтерден немесе бөліктерден тұратындығымен, бұл бөліктер бір –
бірімен қалай байланыста және өзара әрекетте болатындығымен. Құқық жүйесін
образды түрінде кірпіштен қаланған үйлермен салыстыруға болады, оларды
тұрғызған кезде, әрине, әрбір қаланған кірпіш өз орнына дұрыс орнығып,
тиісті жерінде жатса, әрі басқа іргелес жатқан кірпіштермени нығыздалып
байланса, сонда ғана құрылысымыздың өзі сымбатты да сұлу және түзу болып
шығатынына ешкім күмән келтіре алмайды.
Анықтай келе құқық жүйесінің мынадай белгілеріне назар аударалық:
1) қоғамның даму қажеттілігіне қарай қалыптасуы;
2) оның құқық нормаларынан, институттары мен салаларынан тұруы;
3) тікелей не кері байланыста болуы мен мінезделуі;
4) үйлесімді, бір – біріне қиғаш келмейтін ішкі құрылымының болуы.
Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы
реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық
құықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде – мақсатты орындайды.
Құқық жүйесінің түсінігімен қатар көзбен қарағанда мұнымен ұқсас
заңдар жүйесі ұғымы қолданылады. Заңдарды құқық ұғымынан
ажыратуымыз қажет, өйткені бұның да өзіндік жүйесі бар. Заң жүйесі құқық
жүйелерімен былайша негізде ажыратылады:
1. егер құқық жүйесінің ең жәй элементі норма болса, заңдар
жүйесінің сондай элементі нормативтік актілердің баптары;
2. егер құқық жүйесі ішкі мазмұндас түрінде берілсе, заңдар жүйесі
сыртқы нысанда көрініс табады;
3. құқық жүйесі көптеген жағдайларда қоғамдық қатынастар жүйесімен
байланыста болса, заңдар жүйесі заңгерлердің еркімен анықталады, яғни құқық
жүйесі заңдар жүйесіне қарағанда субьективтік жағынан емес, обьективтік
жағынан танымал. Заңдар жүйесі заңгерлердің ой — өрісі мен тәжірибесіне
тәуелді, соларға бағынышты. Демек, нормативтік актілердің қисынсыз шығуы
оны дайындаған субьектілерге байланысты;
4. құқық жүйесі салалардан, институттардан құрылса, заңдар жүйесі
нормативтік актілерден тұрады;
5. заңдарға, нормалардан басқа, ұрандар, декларациялар, құқық
нормаларының шығу тегі мен мақсаты көрсетіліп енсе, ал құқық жүйесіне тек
нормалар кіреді;
6. өзінің мәні жағынан құқық жүйесі алғашқы ( бастапқы ) туынды мән
ретінде сезілсе, ал заңдар жүйесі құқық жүйесінен туындайды, олардан нәр
алады, яғни ол құқық жүйесіне тәуелді;
7. құқық салаларының саны заңдар салаларының сандарымен сәйкес
келмейді, олармен пара – пар болмайды ( соңғысы өте көп – айталық, заңдар
салаларына құық салаларымен бірге шаруашылықтың әр алуан сферасын қамтитын
заңдар да кіреді );
8. құқық жүйесі мен заңдар жүйесі және де өздерінің көлемі жағынан да
ажыратылады: заңдар сан алуан нормативтік құжаттардың барлығын қамти
алмайды (өйткені, құқық заңдардан басқа нормативтік сипаттағы шарттарда,
әдет – ғұрыптарда, сот үрдістерінде көрініс табады), екінші жағынан ол
нормаларды қалыптастырудан басқа, өзге де элементтерден (преамбуладан
(кіріспеден), бөліктер мен бөлімдер, тараулар, баптар аттарынан және т.б.
тұрады.
Құқықтық жүйе – бұл мемлекеттің нақтылы тарихи жүйесі, сондықтан оны
ұлттық құқықтық жүйесі деп дәлме дәл атауға болады.
ІІ – тарау Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
2.1. Англо – саксондық құқықтық жүйесі
Дүние жүзінің кейбір мемлекеттерінде англо – саксондық құқықтық жүйе
қалыптасқан. Атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және
басқа да Англияның бұрыңғы отары болған елдерде кеңінен дамыған. Англо –
саксондық құқықтық жүйенің ең негізгі ерекшелігі сот билігінің шешімдері
мен үкімдердің сот прецедентіне айналып, болашақта ұқсас іс болғанда бұрын
қабылданған шешімдерді үлгі, норма ретінде пайдалануы. Негізінде англо –
саксондық құқықтық жүйе Ұлыбританияда пайда болды.
Англо – саксондық құқықтық жүйенің өзіне тән мынадай ерекшеліктері
бар:
1. Жариялық және жеке құқық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.
2. Сот прецеденті кең қолдануы және оның құқықтық қайнар көзі ретінде
танылуы.
3. Судьялар құқық жасайтын субьекті ретінде танылуы.
4. Құқықтық жүйенің жалпы құқық және әділет құқығы болып бөлінуі.
5. Заңнаманың кодификацияға ұшырамауы.
Англо – саксондық жалпы құқықтық жүйеде құқықтық принциптері, құқықтық
қайнар көздерінің жүйесі, заң текникасы роман – германдық құқықтық жүйеге
қарағанда өзгеше. Мұнда құқықтық салаларға бөлінетіндігі көмескі көрінеді.
Англо – саксонның жалпы құқықтық қайнар көздерінің бірі болып
саналатын америкалық құқыққа:
1. Конституция.
2. Сот прецеденті (сот тәжірибесі ).
3. Статуттық заңдар.
4. Заңға тәуелді одан туындайтын актілер.
5. Әділеттілік.
6. Сауда, әдет – ғұрып.
7. Халықаралық шарттар.
8. Доктрина.
9. Шел елдердің заңы.
Бұл құқықтық отбасы кеңірек таралған. Онымен Англия, АҚШ, Канада,
Австралия, Солтүстік Ирландия, Жаңа Зеландия және т.б. мемлекеттік
территориясын алып жатыр. Жер шарының үштен бірі қазіргі кезде осы құқықтық
отбасыға және соның ішінде ағылшын құқығына енгізілген қағидалар бойынша
өмір сүріп жатыр. Англо – саксон құқықтық жүйелерін жалпы құқық жүйесі деп
те атайды. Басқа жүйелерден ол, бәрінен бұрын, құқықтың негізгі қайнар көзі
ретінде сот прецедентінің танылуымен ерекшеленеді. Ережелерге сәйкес, сот
қандай да бір сұрақ бойынша шешім шығарған кезде жоғары тұрған немесе сол
инстанциядағы сотпен ұқсас іске шығарылған шешімінен формальді болады.
Дегенмен жаңадан қарастырылып жатқан істің ертерек қаралған істің мән –
жайларының өзгешелігіне байланысты сәйкес прецедентті таңдау, түсіндіру,
қабылдау немесе қабылдамау үрдісінде сот немесе жекешеленген судьялар
маңызды тәуелсіздікке ие болады. Сот прецедентінің құқық қайнар көзі
ретінде қарастыру сотқа іс жүзінде құқық шығармашылыққа мүмкіндік береді.
Құқық қайнар көзі және мазмұны тұрғысынан бұл кезең немен
ерекшеленеді? Ең алдымен, сол кезеңде өмір сүріп жатқан роман – германдық
құқықтық жүйе қалыптасқан элементтерге жалпы құқық мәні ие болғанымен. Бұл
жүйе роман – герман жүйесі сияқты жария және жеке құқық немесе азаматтық
пен сауда құқығы деп бөлінбейді, тек онда жалпы құқық және жария құқығы
деген жүйе бар. Жалпы құқық король сотымен құрылып, бүкіл Англияға
қолданылатын құқық болып табылады. Әділдік құқығы канцлер сотымен
құрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін
нормалардың жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын құқығының негізіне
айналған сондықтан да ағылшындар заңгерлерді жалпы құқықтың заңгерлері
және әділдік құқықтың заңгерлері деп бөліп қарайды.
Бірінші дәуір құқықтың пайда болуы уақытымен және оның дамуымен
қауымдасады. 1066 жылы Англиядағы бұрын болып өткен нормандық жаулап
алуынан байланысты. Осы кезеңді англо – саксон дәуірі деп атайды. Оның
сипаты ретінде санды заңдардың барысы және герман тектес жабайы
тайпаларының әдет – ғұрыптары болып табылады. Сол дәуірде Англияда қожалық
еткен. Елде барлығына ортақ заң болмады. Бір – бірімен байланыссыз,
жергілікті локальды актілер жұмыс істеді.
Екінші дәуірдің дамуы англия құқығының тарихшылары мен заңгерлер 1066
жылы бастап 1485 жылға дейін анықтайды. Тюдор әулетиетін құрғанға дейінгі
уақытта. Бұл дәуір жергілікті әдет- ғұрыптың басым рөлін жеңу дәуірі және
жалпы құқықтың қалыптасу кезеңі ретінде қарастырылады. Нормандық жаулап
алғаннан кейінгі күшті орталық билікті бір орталықтан басқаруды жүзеге
асыруға мүмкіндік берді. Бұл дәуір Англиядағы құқықтың жүйенің дамуындағы
барлығына өз әсерін тигізеді, осы күнге дейін.
Үшінші дәуір бұл елдің құқықтық жүйесінің дамуы 1485 және 1832 жылға
дейінгі кезең және Англиядағы жалпы құқықтың гүлдену кезеңі ретінде
қаралады. Оның ерекшелігі, бұл кезеңде қалыптасқан жағдай олармен
қарсыласуға мәжбүр болады, сонымен қатар бір уақытта сеірктес болатын
әділетті құқық деп аталады. Бұл кезеңде жалпы құқық реформасын жүргізу
қажеттілігін жүргізуін зерттеушілер мен заңгерлер және тарихшылар көрсетіп
отырды. Қатал тәртіпте шығарған формальды процедурадан жалпы құқық бұл
кезеңде екі есе қауіп қатерде болды. Бір жағынан оған ескішіл және сот
сословиясының консерваторлары қарсылық көрсетті. Ол жаңа құқық жүйесі –
тәуекел алдында болатын – бәсекелес әйел деп аталады. Уақыт өте келе жалпы
құқықты алмастыра алады, Римдегі антикалық азаматтық құқық классика
кезеңінде преторлық құқықпен алмастырумен байланысты. Осындай қарсылық жүйе
әділетті құқық болып табылады. Әділет құқығы лорд – канцлер шешімімен
қалыптасты, король және кеңес атынан жүзеге асырылған өз құзыретін берген
апеляциялар мен зардаптарды қарауда. Мұндай жағдайларда корольге жүгінген
барлық шапағаттылықтың қайнары және әділеттілік ретінде. Оны барлық
жұмыстар мен келіспеушіліктерге араласуын өтінуі, намыспен және мәні
бойынша қайырымдылық көрсету барысында.
Лорд – канцлердің шешімі уағыздаушы және корольдың намысын
сақтаушысы ретінде барлық сұрақтар король әділеттілігі атты доктринасы
бойынша шығарылған. Ұзақ уақыт бойы соттың осындай қызметі нәтижесінде
Англияның құқықтық жүйесі екі сипатқа ие болды, ол біздің күнге дейін
сақталып келген. Сонымен қатар құқықтық нормалар, қарапайым король
соттарының қызметі негізінде пайда болған және осыған әділет құқығыда
кіреді, жалпы құқық нормаларын толықтыратын және реттейтін.
Төртінші дәуір Англия құқығының дамуымен сипатталады. 1832 жылдан
қазіргі уақытқа дейінгі. Бұл кезең ерекшелігі трансформация кеңдігі
мемлекетттік механизмдегідей, сонымен қатар Англияның құқықтық
жүйесіндегідей. Бұл кезең басында радикальды құқықтық және сот реформалары
жүргізілген. Осының нәтижесінде заңгерлер заңгерлер теориялық және
практикалық процессуалды құқықтан материалды құқыққа апарған. Сонымен қатар
үлкен жұмыс жасаған заң шығарудан тазарту, оны көне қызмет етпейтін
актілерден құтқару. Сотттық реформаның жүзеге асырылуының нәтижесінде
барлық ағылшын соттары өз құқықтарында теңестірілген. Алдағы дәуірге
қарағанда олар жалпы құқық нормаларын және әділетті құқық нормаларын
қолдануға мүмкіндік алған.
Ағылшын құқығында құқықтың және соттың реформаларды жүргізу
нәтижесінде болған өзгерістерді бағалай отырып, салыстырмалы құқық
саласындағы мамандар ХІХ ғасыр реформалары ағылшын құқығын оның дәстүрлі
белгілерінен айырған жоқ деп белгілейді.
Олар аналолгиялық реформаларға қарсы болды, сол кезде басқа елдерде
жүргізілген, оларға Францияда жүргізілген кодификация. Ағылшын құқығы
соттың тәртіппен дамыған. Заңгер соттарға жаңа мүмкіндіктер берген және
жаңа бағыт берген. Соған қарамастан осы кезеңде парламент және мемлекеттік
әкімшілік және құқықтық актілердің мағынасы кеңейді. Ағылшын құқық
жүйесінің континантальді құқық жүйесіне бағытталуы, яғни жақындауы
қарастырылған.

2.2. Роман – германдық құқықтық жүйесі
Роман – германдық құқықтық жүйе дегеніміз тарихи даму барысында рим
құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық
келісімдердің қабылдануы. Бұл құқықтық жүйенің қалыптасып және дамуына VI
ғасырда дүниеге келген Византияның императоры Юстинианың Corpus iuris
civilis деп аталатын құқықтық құжаты ерекше рөл атқарады. XVIII – XIX
ғасырдың бас кезеңінде континенталдық Европа мен АҚШ – та Конституциялар
мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болды. Мысалы, АҚШ–тың
1789 жылы, Францияның 1791 жылғы Конституциялары 1804 жылы Францияда
қабылданған Наполеонның азаматтық кодексі. Роман – германдық құқықтық
жүйенің өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
1. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz