«Amanat» партиясы Болат Назарбаевтың заңсыз алынған жерлерін тәркілегенін мәлімдеді
«AMANAT» партиясының мүшелері латифундистерден заңсыз сатып алынған жерлерді тәркілеу процесін бақылауда ұстайды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді.
Ол қазіргі уақытта мемлекетке Маңғыстау облысында 239 мың га және Жамбыл облысында 60 мың га жер қайтарылғанын, олардың меншік иесі Болат Назарбаевтың еншілес компаниялары болғанын атап өтті. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 га болатын 59 жер учаскесі анықталды, олардың меншік иесі күмәнді жағдайларда Болат Назарбаев болған еді.
«Біздің партиямыздың басты миссиясы-мемлекетке заңсыз жеке қолына өткен ұлттық байлықты қайтару. Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Әмиянның қалыңдығы әділеттілікті қалпына келтіруге кедергі емес. Халықтан алып кетті ме? Қайтарасыз», — деді Е. Саиров.
Фото: exk.kz