Жігітіңіздің бұрынғы сүйіктісін ұмытпағанын қалай білуге болады?
Жақында ғана сүйіктісімен айырылысқан жігітпен көңіл қосу оңай емес. Ол өзін қаншалықты бақытты көрсеткенімен, жүрегін жаулаған арудың әлі ойында болуы мүмкін. Ендеше, сүйіктіңіздің бұрынғы махаббатын ұмытпағанын қалай білуге болады? Бұл сұраққа woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.
1. Ол бұрынғы сүйіктісінің есімін көп айтады
Ол сізге хабарласқанда байқаусызда бұрынғы ғашығының атын айтып қояды немесе оны көп еске салады.
2. Ол бұрынғыдай бұрынғы қызына ренжиді
Кей жұптар ұрыс үшін айырылысқанымен эмоционалды түрде байланыста болады. Сол себепті, ол бұрынғы қарым-қатынасындағы мәселелер туралы айтар болса, жігітіңіздің жүрегі әлі де сол арудың қолында деп түсінгеніңіз абзал.
3. Ол экс-сүйіктісін өзінің жақын досы деп қабылдайды
Бұрынғы қызын туған күнімен құттықтау немесе оған хат жіберу ештеңе білдірмейді. Алайда оның бұрынғы ғашығымен байланыс ұстап тұруы дұрыс емес деуге болады.
4. Ол сені бұрынғы ғашығымен салыстырады
Әрине, сен оның бұрынғы қызына қарағанда жақсырақ екеніңді есту жақсы. Алайда ол үнемі сені экс-махаббатымен салыстыра берер болса, оның жүрегі сол қызда екенін түсінгеніңіз абзал.
6. Ол бұрынғы қызының отбасына әлі де жақын болады
Ол бұрынғы сүйіктісінің отбасымен сөйлесіп тұрса да, қай кезде қатынасын тоқтату қажет екенін түсіне алу керек.