Душанбеде Рустами Эмомалише шаш қою сәнге айналды

0

Душанбе тұрғыны Рамазон досының үйлену тойы алдында шатаразға барып, Рустами Эмомалише шашын алғысы келетінін айтқан. «Жаңа шаш үлгісі бәріне ұнады. Кез-келген киіммен жараса кетеді»,- деді Рамазон.

Оның сөзінше, қазір қалада жастардың көбі осы шаш үлгісін таңдайды.

Душанбе орталығындағы сұлулық салонында істейтін Абдулло күніне 4-5 жас жігіт келіп, Рустами Эмомалидің шаш үлгісіндей етіп, алып беруін сұрайды дейді. Ол мұндай шаш үлгісі шамалы қымбатқа шығатынын айтады.

2017 жылдың басында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбені 20 жылдан бері басқарып келе жатқан Махмадсаид Убайдуллоевты қызметінен алып, оның орнына өзінің ұлы Рустам Эмомалиді тағайындаған.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/