Шет мемлекеттер іздеуде жүрген 50 қазақстандықты ұстап берді
2022 жылы шет мемлекеттер Қазақстанның іздеуде жүрген 50 азаматты ұстап беру туралы сұранысын қанағаттандырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.
Сондай-ақ, «РБК Банкі» АҚ-ның 15 млн. АҚШ долларынан астам сомасын ұрлады деген күдікті В.Власов, қаржы пирамидасын («Qi TRADE Kazakhstan», «Выгодные займы») құрғаны және басшылық еткені үшін іздеуде жүрген С.Абсаметова, Б.Томин және Е.Шарифуллин, сондай-ақ құрамында 1 млрд. теңгеден астам сомаға алтыны бар материалды қылмыстық топтың құрамында ұрлағаны үшін А.Тимаков Ресеймен ұстап берілген.
Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі мөлшерде алтын мен зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасы үшін іздеуде жүрген Тастан Эбубекирді ұстап беру туралы сұраныс Қырғызстанмен қанағаттандырылған.
Атыс қаруын қолдану арқылы ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген О.Иссалы мен Б.Исабеков Тәжікстаннан экстрадицияланған.
Алаяқтық жолымен 288 млн. теңгені ұрлық жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген А.Смалбаеваны Өзбекстан тарапы ұстап берген.
Оған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жүргізуде, оған басшылықты Бас Прокурор жүргізуде.
Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі қосымша шаралар кешенін қамтитын заң жобасын әзірлеуде.