«Біртүрлі екен»: Сара Тоқтамысованың қызына таңдаған есімі сөз болды

0

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қызды болды. Қызына қойған есіміне көпшілік таңданып, ерекше екенін айтуда.

Ақын жаңалығымен желіде бөлісті.

«Есілқызы Сүйкімді! Үйіне келе жатыр! Сөзі сүйкімді болсын,Ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық! Аллам өміріңді сүйкімді қылсын ,ғұмырлы бол құлыным», — деген ол.

Және ақын есімді бас имамдармен ақылдасып таңдағанын жеткізді.