Павлодарда ер адам балаларының көзінше әйелін гантельмен ұрған
Бұл туралы «НеМолчи.kz» сайтындаДина Таңсәрі сегіз күн комада жатқан және мүгедек болып қалған әйел туралы жазды.
«Ол екі литр қан жоғалтты, Өлім аузында болды. Қазір әйел мүгедек болып қалды, дәрігерлер оның аман қалатынына үміттенбеген еді. 8 күн бойы әйел комада болды, дәрігерлердің арқасында ол о дүниеден оралды. Балалар қатты қорқып кеткен, ұлы мен қызы есеңгіреп, естерінен танып қалған», — деді журналист.
Құқық қорғаушының айтуынша, күйеуінің туыстары жәбірленушіні татуласу туралы қағаздарға қол қоюға мәжбүр еткен.
Фото: ашық ақпарат көздері