Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің барлық құрамы өз ғимараттарын тастап кеткен

0

Мәсімовтің бұйрығымен Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлері өз ғимараттарын тастап кетті. Сондай-ақ, басшылықтың командасы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттары бос қалды.

«Мен ашық айтайын, бұл басшылар әлсіздік танытты. Бұл жеке құрамның жігерін түсірді. Нәтижесінде тәртіпсіздіктердің алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылданған жоқ. Нәтижесінде Алматы мен Талдықорған 2 тәулікке Қарулы бандиттердің билігінде болды.
Олардың қолына тұтас арсенал – үш мыңға жуық автомат, тапанша, мергендік мылтық және ондаған мың оқ — дәрі түсті», — деді Мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

Яғни, осы басшылардың кінәсінен екі мыңға жуық қару әлі табылған жоқ.

ҰҚК 3 Өңірлік департаментінің, Алматы облысы полиция департаментінің және басқа да адамдардың бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер соттарға жолданды. Қазір сот жүріп жатыр.

Жамбыл облысы ПД бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ол өзін-өзі атып тастады.

http://t.me/orda_kz

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz