Жасөспірім шаңғы базасында ағашқа соқтығысып, қаза тапты

0

Жігіт Ақмола облысының Зеренді ауданындағы шаңғы базасына ата-анасымен келген. Оның өмір белгілері жоқ денесін екі демалушы тауып алған, —  деп жазады sinegor.kz сайты.

Алдын ала нұсқа бойынша, жігіт шаңғы трассасында түсу кезінде ағашпен соқтығысып, құлап, есін жимаған, сол жерде қайтыс болыпты.

Шаңғы базасының менеджері оқиға туралы полицияға хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету). Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады полиция.

Фото: inform.kz