«ЭКО жасатпақшы едім, ана атанып үлгермедім. Қайрат өмірден өтіп кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы перзент сүюді жоспарлаған
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 45 жасында ЭКО жасатпақшы болып, перзент сүюді жоспарлағанын айтып, жан сырымен бөлісті.
Ол бұл туралы өмірден өткен жодасына арнаған видеосында бар жан сырын ақтарды.
— Өзім отбасында жалғыз қызбын. Содан ба білмеймін екі ұлымның қарындасы болғанын қаладым. Осы 45 жасымда болса да қыз бала сүйгім келді. ЭКО жасатуға Қайрекең екеміз шешім қабылдадық. Бірақ, біз үлгермедік. Салтанат ханым көңіл айтып келгенде, соны айтып қатты жыладым.
Қазан айында соңғы анализді қолыма алғанымда, сізде бәрі жақсы. Келесі айда сіз күйеуіңізбен келе аласыз деді. Біз үлгермедік. Қарашаның алтысында Қайрат дүниеден өтті. Менің жүрегімдегі ең үлкен өкініш сол ғана қалды. Себебі, Құдайдың жазғаны сондай шығар. Мен ана атанып үлгермедім. Неге мен қазан айында бармадым деген өкініш болды. Ол сұрады менен: «Ләйлә, қашан барамын мен» деп. Дәрігер: «Сен қарашада барасың деп айтты» дедім. «Аа, жарайды, онда. Қарайсың ғой өзің, айтасың ғой» деді, деп Ләйлә ханым көзіне жас алып, қинала жеткізді.
— Осындай қаралы күнде күндей болып естіген жаңалығым 4-ші әйелге 3-ші рет эмбрион салғаннан кейін, анализ қорытындысы оң шыққаннан кейін, осы жылдың мен үшін ең қуанышты жаңалығы болды, дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сонымен қатар, ол ЭКО жасатуды тоқтатпай, көптеген бала сүйгісі келетін жандарға, соның ішінде мүмкіндігі аз келіншектерге қолдау көрсетуді тоқтатпайтынын айтты.
— Мен және ЭКО орталығындағы дәрігерлер мен көмек беретін адамдар. Көмек беріп, сауап жинағысы келетін адамдар маған көп хабарласады. Оған көзім жетті, — деді.