Елімізде «Respubliсa» атты тағы бір партия тіркелді

0

Қазақстанда тағы бір партия тіркелді.

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты.

«Қазіргі таңда «Байтақ», содан кейін «Республика» партиясы тіркелді. Яғни ресми түрде екі партия тіркеліп отыр. Басқа партиялармен жұмыс істеліп жатыр. Олар бірінші сатыдан әлі өткен жоқ. Себептері бұрынғыдай. Тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді. Олар толыққанды тіркелген, барлық саяси партиялар сияқты толыққанды құқықтары бар партиялар саналады», – дейді Қанат Мусин.

Оның айтуынша, аталған екі партияның құжаттары тексеру барысында бірнеше рет кері қайтарылған.