Қазақстан Орталық Азиядағы байланысы арзан әрі интернеті жылдам ел ретінде аталды
Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан ең қолжетімді ұялы байланысқа ие. Мұндай деректер Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) зерттеуінде келтірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылы Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың (ЖҰӨ) 1,04 пайызы ғана болды. Мұнда сарапшылар орташа тарифті қарастырды. Онда 70 минут сөйлесу, 20 SMS және 500 Мб мобильді интернет бар.
Сонымен қатар мобильді интернет жылдамдығы Қазақстаннан сәл төмен болатын Қырғызстанда ұялы байланысқа жұмсалған қаражат жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 3,11%-ына тең.
Ұялы байланысқа шығыстардың осындай деңгейі Өзбекстанда (жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 1,14%) және Түркіменстанда (жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 1,17%) тіркелді. Бұл ретте мобильді интернет жылдамдығы Қазақстанға қарағанда төмен.