Ішімдікке сылқия тойып алған астаналық азамат Өзбекстан елшілігінде дау шығарды
Бұл оқиға 2022 жылдың қаңтар айында орын алған. Өзбекстан елшілігін мас күйінде қиратқан ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оның бұл әрекеті үлкен көлемде материалдық шығын келтірді.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған азаматтан Өзбекстан елшілігінің пайдасына материалдық залал сомасы өндірілді. Оған сондай-ақ маскүнемдікті мәжбүрлеп емдеу белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Фото: azattyq.ryhy