Ағалар, ұят қайда?! – Мадина Оқас
Ағалар, ұят қайда?!
Талғар ауданы Дәулет ауылының оқушылары
ҮШ ЖЫЛДАН БЕРІ онлайн оқиды. Өйткені, 2017де құрылысы басталып, 2019да пайдалануға берілген мектептің жөндеуі бітпеген. Ең сорақысы, бюджеттен құрылысқа деп бөлінген 1,6 млрд теңгенің қайда кеткенін ешкім ашып айта алмады. Айтпақ түгілі, аудан әкімдігінің мамандары дәретханаға тығылып, жауаптан жалтарып жүр!
❗️Талғар ауданы әкімінің орынбасарына тіпті сөз жоқ! Үш республикалық телеарнаның келіп тұрғанын біліп, «BBC, CNN-ді де шақырып алмадыңыздар ма?», «Келсеңдер, құтты болсын, енді қайтейін?»,-деп шала бүлінеді. Бұл бергі жағы… Аудиода бәрі жазылған.
Беу, ағалардың біразының бетін тілсе қан шықпайды ғой қазір! Басқа-басқа, балаға деп бөлінген қаржы еді ғой ол!
700-ден астам оқушының обалы кімге?
Бірер ай бұрын министр Аймағамбетов келіп, тапсырма беріпті. Оған дейін неге әрекет етуге болмады? Одан кейінгі нәтиже қайсы?
Әкімдік өкілі «1 айда труба төселеді, балаларды офлайнға ауыстырамыз»,-дейді. Алматыдан арнайы келген мен біліп тұрмын шаруаның 1 айда бітпейтінін. Былықтың ортасында жүріп бұлар кімге ертегі айтады?! Суретте, сюжетте тұр ғой.
(Сюжетке сілтеме комментарийде)
Қайдар Әбдіханов өзіңізге де хабарластық, айтуыңыз бойынша әрекет қылдық. Мұрты қисаймаған мамандарыңыздың мазағына қала берер жай жоқ. Түзу сұраққа түзу жауап беруді үйренсін!
Мадина ОҚАС
Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді!