«Қазақстан халқына» қорынан 2 миллиардқа алынған дәрі-дәрмектер заңсыз болып шықты
Бұл туралы журналист Бекболат Қаржан өз facebook парақшасында хабарлайды деді Kznews.kz тілшісі.
«Масқара! Позор!
«Қазақстан халқына» қорынан 2 миллиардқа Ресейден алған дәрі дәрмегі заңсыз болып шықты. Апелляциялық сатыдағы сот шешімі шығыпты. Тіпті бұл дәрілер Ресейдің өзінде министрлігі тарапынан мақұлданып бекітілмепті.
Сонда бұлар біздің халықты өлтіру үшін осылай жасай ма? Басым жетер емес!?
Бұлардың бәріне қылмыстық іс қозғалмаса болмайды. Ел мен жұртын аямағандарды не үшін аяу керексіңдер!?» деп жазды журналист.