Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс – Мемлекет басшысы

0

Ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Бұл туралы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе, ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент аталған мамандықтар бойынша қызмет етіп жүргендер еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек екенін қадап айтты.

«Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарды деп айта аламыз», — деді Мемлекет басшысы.