«Пап король»: Әкесін мақтаған Қайрат Нұртастың кенже ұлына жұрт сүйсінді (видео) — новости Казахстана

0

Әкесін жер-көкке сыйғызбай мақтаған Қайрат Нұртастың кенже ұлы жұртты сүйсінтті деп жазады NUR.KZ.

Хитмен ұлының видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Видеода Қайрат Нұртастың ұлы Хан: «Папам — король. Папам — красавчик», — деп әкесін сүйе жөнеледі.

Ал әкесі мен баласының арасындағы ыстық ықыласты көрген желідегілер әншіге ақ тілектерін жаудырды.

«Керемет», «Тіл-көзден аман болыңдар», «Осы кенжең бір сүйкімді бала», «Алла тілден, көзден сақтасын», «Осы балаларыңыздың қызығын көріңіз, Қайрат».

«Өмірде баладан асқан бақыт бар ма?!», «Осы ұлыңыз өзіңізден айнымайды», «Әке махаббатына бөленген бала қандай бақытты», «Отбасыңыз аман болсын» деп желідегілер жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қайрат Нұртас Алматы қаласында «Нағыз еркек» атты ән кешін өткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.