Бұл туралы kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
— Сізді көңіліңіз басқарады ма? әлде ақылыңыз? Соны ойланып көрдіңіз бе?
— Ойлайсың әрине, тынышталып құлақ асасың өзіңе, қай тараптан үн келіп түр…
Қайсысына құлақ ассақта алма-кезек жеңдіріп, әйтеуір дұрыстыққа бастасын, көңіл ақ болсын, ми жақсы шешімдер алып келсін.
— Тұрмысқа қашан шығасыз?
— Алла біледі, біз тек барлығы өз ойымыздағыдай жақсы болғанын қалаймыз, бірақ жаратқанның жоспары хайырлырақ! Мәселе қашан деген емес, тек баянды болсын бергені!
— Өзгерісті неден бастауға болады? Қатты өзгергенсіз?
— Өзгеріс қалай алып қарасаңызда өзіңізден басталуы керек! Демек бір орында тоқтап қалмай, әрдайым өзіңді қамшылап, жан-жақты жетілдіріп отыру маңызды. Бір ғана шешім бар, не өсесің, не өшесің. Осыны ойлағанда өзіме ризалық білдіремін, шүкір Аллаға ауыз толтырып айтатындай құлшыныстарым жетерлік, бұл мені одан сайын дамуға күш береді. Бұл өмірде қаншама жандар жүр, мақсат-жоспар, бағдары жоқ. Ең бақытты адам өзін тапқан адам дер едім!
Біреуді немесе айналаны өзгертем деу шынында далбаса іске аспайтын дүние, өзіңізді гүлдендіріңіз, айналаңыз жайқала бастайды!!!
— Өзіңізді жалғыз сезінетін сәттеріңіз болады ма? Сондай кезде не істейсіз?
— Бүкіл адамзаттың басынан өтетін сәт десем рас, мың адамның ортасында жүрсеңде бір кемдікті сезініп, кемсеңдеп жүретін кездер болады әрине.
Қабылдаймын, өз-өзіммен сырласам, өткерем сол шақтарды бастан. Сосын қайтадан көңіл шарықтап , көз жәйнайтын шуақты күнді қарсы аласың да бәрі өткінші екен ғой деп жүре кетесің
Бұл-өмір! Өмір сонысымен қызық шығар, әйтеуір қалай айтсақта «БІР КЕМ ДҮНИЕ» ғой…
— Неге өтірік күле бересіз?
Шіркін мен сияқты бір нәрсе түсінсеңіз, осы күлкіні өмір бойы жоғалтпауға тырысар едіңіз, езуің жиылмай, жылауға тұрарлық қанша сынақ келді сәби күнімнен бастап, енді қанша күліп жүрсем де өзіме жарасып тұр. Себебі мен күлуге лайықпын өтіңіз жарылып кетседе.
Қаралым саны: 45