Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
МҚТ пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ішкі және сыртқы істер министрлігі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
1. Ішкі істер министрлігі
2. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Пайдаланылған әдебиетер тізімі
1. Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен
өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық,
ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу
орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін
құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі
әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика
Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және
қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық
жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық,
қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер
бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар
ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы
органдарға тікелей бағынады.
Ішкі істер органдарының негізгі қызметі облыс аумағындағы қылмыстың,
қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау,
есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу,
өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің
оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік
және консультативтік көмектер көрсету;
ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың
өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің
және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен
заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп
отыру.
2. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ
заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті
сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік
саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне,
өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер
органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да
мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және
азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен,
лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара iс-қимылы.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі
істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен
қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер:
әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-іздестіру бөлімдері
(бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу, анықтау бөлімдері,
секретариат, штаб, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі
инспекция, полицияның аумақтық бөлімшелері.
Сонымен бірге бұларға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қабылдап
таратушы; әкімшілік тәртіп бұзуға қатысты ұсталғандарды арнайы қабылдаушы;
медициналық айықтырғыш; қаңғыбастығы мен қайыршылығы үшін ұсталғандарға
арналған қабылдап таратушы жоғарыда аталған Ішкі істер органдарына тікелей
бағынады.
ІІM ішкі әскерлері маңызды мемлекеттік нысандармен арнаулы жүктерді
тасымалдау кезінде оларды күзету және еңбекпен түзеу мекемелерін күзетуді
жүзеге асырады; сотталған адамдар мен қамауға алынғандарды айдауылдайды;
қоғамдық тәртіпті сақтауда Ішкі істер органдарына көмектеседі; апаттардың,
өрттердің, дүлей апаттардың өзге де төтенше жағдайлардың зардаптарын жою
кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қатысады.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері. Қылмыстарды ашу, алдын алу,
жою және тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар
жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін
жалпы анықтаудан және соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып
жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыру мен
жүзеге асыру.
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері:
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу және тоқтату,
қылмыстарды ашу, анықтау мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған
және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен бірге кәмелеттік жасқа
толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және
тоқтату, жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау,
бақылау, төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.
Учаскелік … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz