Маск Трампты Twitter-ге қосу-қоспау керектігі туралы сауалнаманы ортаға ұсынды

0

Twitter әлеуметтік желісінің жаңа қожайыны Илон Маск АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың аккаунтын қалпына келтіру керектігі-керек еместігіне қатысты сауалнаманы жариялады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Ол Twitter-дегі өз парақшасында осындай мазмұндағы сауалнаманы жариялады.
«Бұрынғы президент Трампты қалпына келтіру керек пе?», – деп жазды Маск.
Төменгі жағында екі жауап көрсетілген (иә немесе жоқ).
Бұған дейін Трамп өзінің Truth social әлеуметтік желісінде Илон Масктың Twitter-ді сатып алуына қатысты пікір білдіріп, аталған желі басшылығына дұрыс адам келді деп мәлімдеді. Алайда ол Twitter-дегі аккаунты бұғаттан шығарылса, ол оны пайдаланатын-пайдаланбайтындығына қатысты ләм-мим деп жақ ашпады.
Сауалнама 24 сағатқа созылады.