Әнші Қайрат Нұртас бүгін Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі, кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.
Кешіктіріп көңіл айтқан Қайрат Нұртасқа халық сын-пікірлерін жазып жатыр.
«Жақсы адамның өмірден өзі өтсе де, көзі өшпейді… Қайрат ағамның жақсылығы жүзге емес, мың адамға тиді. Інім деп жақын тартып, ағалық жолын көрсетіп жүруші еді. Қазақтың мен деген біртуар азаматынан айырылып қабырғамыз қайысқаны рас. Тас түскен жеріне ауыр. Отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.
Бақұл болыңыз, жақын ағам, Алтын адам. Алла жұмақтық етсін», — деген жазбасында.
Әншіге оқырмандары «Ұйықтап қалдын ба? Енді көңіл айтыпсың», «Енді көңіл айтып жатыр ма?», деп жазуда.
«Күлшелі бала сүйкімді деп, ағам, ағам деп жатқандарың соның ақшасы шығар. Әйтпесе, нар тұлға бола қоярдай кім еді сонша?», «Жақсылығын сіздерге, әншілерге, танымал адамдарға жасаған екен. Халық ештеңе деген де жоқ», – деп жазып жатқандар да бар.