Қалыңдығына қалжыңдаймын деп қамауға алынды

0

Астана. 13 желтоқсан. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігінде қызық жағдай бойынша сот отырысы өтті. Әмірлік соты қалыңдығына қалжыңдаймын деп, көңіліне тиіп, іс сотқа жеткен, деп жазады IslamNews сайты Emarat Al Youm ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Сот жергілікті араб азаматын тұрмыстық жағдайда қолданылатын, тіптен медициналық терминологияда кездесетін сөзді айтқаны үшін үлкен көлемде айыппұл салып, бас бостандығынан айырды.

Абу-Дабилік азаматқа  WhatsApp желісі арқылы қалыңдығына «ақымақ» деп жазғаны үшін сот алдында жауап беруге тура келді. Айыпталушының өзі бұл сөзді қалжыңдай айтқанын жеткізіп ақталғанымен, сот қыздың арызын қанағаттандырып, ер азаматты киберқылмыс туралы қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды.

Сот шешіміне сәйкес айыпталушы екі айға бас бостандығынан айырылды және 20 000 дирхам (5444 доллар) айыппұл төлеуі тиіс.








Дереккөз: http://kazislam.kz/