Жезқазған тұрғындары президент сайлауында 33 учаскеге барып дауыс бере алады
Жезқазған қаласының тұрғындары президент сайлауында 33 учаскеге барып дауыс бере алады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жезқазғандағы сайлау учаскелері президент сайлауын өткізуге дайындалып жатыр.
Сондай-ақ қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, үйде дауыс бере алады.
Айта кетейік, Жезқазғанда сайлаушылар тізіміне 59 241 мың адам енгізілген.