«Адал еңбекпен». Ақбота Сейтмағамбет үйлі болған қуанышымен бөлісті
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Caravan.kz сілтеме жасап.
«Аллаға сансыз шүкір! Адал еңбекпен + 1 арман. Өз үйім — өлең төсегім. Рахмет саған Ақбота-Нұр! Шығар биігің көп болсын! Мен саған сенемін», — деп жазған Ақбота Сейтмағамбет.
Желі қолданушыларының бірі құттықтап «Қаншама еңбектенді ғой 2 баламен жүріп, қолдаушысы болмаса да. Бақытты бол. Лайықсың» деген пікірлерін жазып жатса, енді бірі «Әншілерге рахат! Тойға барып ән айтып, пәленбай миллион алып қайтады да үй алдым дейді» деп сынауда.