Өзбекстан төлқұжатының құны миллион доллар тұра ма?
Мұндай соманы инвестициялаған шетелдіктерге республика өз азаматтығын беруді жоспарлап отыр.
Заң жобасын Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі әзірлеп, 23 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға енгізді. Ол Өзбекстан азаматтығын жеке тұлғалардың, оның ішінде ел экономикасына кемінде миллион доллар инвестициялайтын азаматтығы жоқ адамдарға бермек. Құжат критерийлері нақтыланбаған.
Осылайша, Өзбекстан инвестициясын және халықаралық аренадағы мәртебесін арттырғысы келеді.
http://t.me/orda_kz
Фото: kun.uz