Қазақстандық боксшы нокауттан кейін комаға түсті

0

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы АҚШ-та Кубалық Дэвид Морреллден нокаутпен жеңілгеннен кейін комаға түсті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Ермосынұлы комада жатыр», — деді бокс ардагері Дэн Рафаэль.

WBA супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 5 қарашада кешке Миннеаполис Армори қаласында өтті. Матч 12 раундқа созылып, соңғы 30 секундта аяқталды. Қазақстандық спортшы кубалықтың оң жақ соққысын жіберіп алып, нокаутқа түсті.

«TGB Promotions және PBC өкілдері Миннеаполисте Айдос командасымен бірге және біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Оның жеке өмірі мен отбасының жеке өміріне байланысты ақпаратты гжей-тегжейлі бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығынан дұғада болуын сұраймыз», — делінген TGB Promotions және PBC промоутерлерінің мәлімдемесінде.

Фото: zakon.kz