Пентагон Түркия билігінің Сүрияға қарсы біржақты операциясына алаңдаулы

0

Түркия президенті Режеп Тайп Ердоған Евраттың шығыс аймағында террористерге қарсы әскери операция жүргізетіндігін мәлімдегеннен кейін, АҚШ билігі мұның біржақты әрекет екендігін айтып отыр. Сонымен бірге Сүрияның солтүстік-шығысына біржақты қадам жасау тіпті америкалық әскерилердің арасында үлкен талқылауға түскендігін жеткізді.

Пентогон өкілі Шон Робертсон бұл орайда Түркияның АҚШ пен біре іс-қимыл жасауға шақыруда. Оның сөзінше, АҚШ пен Түркияның бірігіп жұмыс жасауы, аталған аймақтың тыныштығын сақтап қалуға көп көмегін тигізбек. Сонымен қатар, Сүрияның кейбір аймақтарына әскери күш жұмсамай, бейбіт келісімге келуге болатындығын да ескертті.

Бұдан бөлек, Пентагон Түркияның АҚШ және НАТО ұйымымен соңғы 10 жыл ішінде серіктестік танытып, ДАЙШ лаңкестік тобымен күресуде бірігіп келгіндігін да алға тартты.

Алайда, Түркия билігі АҚШ-қа қарсы жауабын әзір бермей отыр. Егер біржақты әрекетін ары қарай жалғастырмақ ойы болса, онда АҚШ пен арадағы серіктестікке нұхсан келуі мүмкін. Осы ретте Түркия мемлекеті де Қытай, Иран, Ресей сынды Американың санкциясына ілініп кетуі де ғажап емес.

«The Qazaq Times»