Алматыда Сағынтаевтың экс-күйеу баласынан тәркіленген коттедж сатылды
Алматы әкімдігі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагимнен тәркіленген Шымбұлақтағы коттеджді сатты. Элиталық жылжымайтын мүлік 270 миллион теңгеге саудаланды. Одан түскен ақша қала бюджетіне түседі.
Зәулім үй Bank RBK–дан Сағынтаевтың қызы Меруертке үйленген Бақыт Ибрагимнен ұрлық ісі бойынша тәркіленген еді. Сот оның мүлкін тәркілеп, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
t.me/orda_kz