Айгүл Орынбек ІІМ министріне: «Әділетті Қазақстанды құрғыңыз келеді ме өзі, Марат Мырза?»
Заңгер Айгүл Орынбек Шымкентте орын алған жағдай туралы айтып, ІІМ министрі Марат Ахметжановқа өзінің наразылығын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Kznews.kz медиа порталы.
«Әділетті Қазақстанның полиция қызметкерлері әділетті болмай тұр!
“Айгүл ханым біздің 150 миллион теңге болатын затымызды үйден заңсыз алып кетіп, прокуратураға арыз түсірген соң, затымызды қайтарды. Алайда затымыздың тек жартысын қайтарды. Ал қалған 69 миллион теңге бағаланатын затымызды полиция қызметкерлері өздеріне алып қалған”, деп заң білмейтін қандастарымыз көмек сұрап отыр.
Марат Ахметжанов мырза!
Шымкент қаласындағы “Формадағы бандиттерден” қашан тазарамыз?
Заң білмейтін адамның құқығы қашанғы тапталмақ?
Полицейлер халықты тонаумен емес, құқығын қорғаумен қашан айналысады?
Халықтың құқығын қорғау керек полиция тұрғанда, мен неге халыққа көмек беруім керек?!
Адал еңбегін жеп отырған халықтың нанын полиция қанап заңсыз тартып алып отырса, әрине халық билікке наразы болады!
Әділетті Қазақстанды құрғыңыз келеді ме өзі Министр Марат мырза?!», — деп жазды Айгүл Орынбек.