Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру | Скачать Курстық жұмыс
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
мақсаты … … … … … … … .5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі … … … … 8
2 бөлім. КазЭкоПолимер компаниясының қаржылық тұрақтылығын
арттыру
2.1 КазЭкоПолимер компаниясының жалпы
сипаттамасы … … … … … … … …14
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын
талдау … … … … … … … . … … … … … … ..14
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
талдау … … … … … … … . … … … … 18
2.4 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі
бағыттары … … …23
2.5 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін
арттыру … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …27
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … …30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … ..32
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық
қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа
енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт
талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық
талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі
бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-
тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік
шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі
қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа
ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын
талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп,
айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-
мастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-
әрекетті талап етеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-
руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-
ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-
нықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-
ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қар-жы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-
ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау
негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-
тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты
ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде
қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті
әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын
қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында
еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді .
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын
талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-
териалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау
және оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде КазЭкоПолимер компаниясы алынды.Оның
негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын
жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау жә-не жабдықтаумен
айналысу болып табылады.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға
негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары,
міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері
мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі Халлибуртон Интернэшнл Инк. компания-
сының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қоры-тынды
жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-
шаралар ұсынуға негізделген.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-
тың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның
еңбектері болып табылады.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және Halliburton компаниясының
қаржылық есебі пайдаланылды.
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-
мас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз
не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде
бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қар-
жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-
ды» деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-
патталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-
мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-
мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та
болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-
сылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қар-жы
ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіле-ді» деп
жазады.
М. Н. Крейнина А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: »Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер
жиынтығы».
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы,
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұ-рақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» — деп жазады .
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-
дайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы — бұл бірқатар көрсеткіштермен си-
патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткі-
лікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістер-
мен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигі-зетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қа-райтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді бо-луын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс».
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксізді-
гін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-
жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен
өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-
найы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты
«өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде
үздіксізді-гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық — меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады . Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге
(негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары)
жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және
кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында
қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп
жазады .
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтай-ды.
Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық — бұл әрдайым төлем қабілеттілі-гін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
«Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы — қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-
нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және
жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ре-сурстық
жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына
анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы — бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-
тын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қар-
жылық тұрақтылық — бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша
қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-
далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-
сайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады» . Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұ-мыс,
қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның
мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшы-лармен
және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.
Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысу-лар мен
барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндіріс-ті
дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік
климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс
қалуы қажет.
Айта біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. «Қаржылық
тұрақтылықтың мәні — қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және
пайдаланумен анықталады» — деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі — деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста .
«Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі» немесе
«Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады» . Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар
да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына
байланысты — ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша — қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланыс-ты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп
туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықты-
рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хат-
та, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырған-дығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа
да ақ-параттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел
мен белгі-сіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер
де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана
(соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сон-дай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бо-йынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да
соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып
реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы
нарық-тық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байла-нысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп
беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты
өзгерді. Қар-жылық есептің мақсаты — бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәти-желері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады. Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық
нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру
бойынша шешім-дерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша
ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы
органдардың жұ-мыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау
үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп
қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық
ақпараттарды қамты-майды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын
экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін
бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді
болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және
жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты
тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің
қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық
есебінің өзгерісін сипат-тайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық
қажетті ақпараттармен жаб-дықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар
ақша қаражаттарының айнал-дыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ
коммерциялық құпияны қор-ғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық
ақпаратқа шек қояды, деген-мен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу
органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте
көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады.
Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі
ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектіле-
рінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір кө-
зіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің
өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті анали-
тикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс
атқарады.
Баланс — есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның
қаржы-лық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден,
ба-ланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныс-
тырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдар-
дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ
алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшы-
лар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-
ған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиім-
ділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі
сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайда-
лануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім
қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы
есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі
жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек ала-
ды, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның
шарт-тары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тә-
уекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылы-
ғын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп
жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүм-кіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын
орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық
қызметке же-туі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды
ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік
балансты тал-дау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда
ақпараттың ең қа-жетті түрі болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және
пассивтен тұ-ратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс
кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және
қарыздық күқық құны ре-тінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар
мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу
мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі
белгіле-рі бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен
пас-сиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық
топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-
жеке элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен
пассивтегі бұн-дай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс
баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік — бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйекті-лікпен орналасуы — яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты
мына прин-цип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп
активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен
бөлімдері мен бапта-ры жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне
байланысты жоғары өтім-ді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің
қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып
табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу
және валюталық шот-тардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша
қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәреже-сіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жа-
ңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипаттала-
ды.
Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтер-
лік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сү-
йейді.
Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және
тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып та-
былады.
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге,
бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының
«Бухгалтерлік талдау» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс
— бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып та-
былады.
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға
тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер — бұл кәсіпорынның иелігіндегі және
алуға тиісті мүлкі); пассивтер — бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек
қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең
болуы тиіс .
Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құра-
лында былай жазылған: Баланс — бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті бар-
лық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл бе-
рілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының
бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие бо-
лады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Актив-тер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер
— басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып
табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып
отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі
төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип
бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі
азынан көбіне қарай.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер,
меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент — табыс және шығын
– қаржы — шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-
ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-
галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-
дылары келесілер болып табылады:
1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген
мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-
дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
2.Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны си-
паттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпо-
рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-
ға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін,
тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-
тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық
прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).
3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін
қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз
етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және
мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және орташа
прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай
мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді
ашық жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға
мүмкіндік береді.
4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет
жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі
туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен
са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның
баланста-рындағы «материалдар» бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн.
теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге,
ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда
материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 112 (560)-ін (айлық қор), ал
екінші жағдайда 12 (510), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық
қор) қамтамасыз етеді.
5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік
мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру
кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол
кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең
алдымен баланстың динами-калық баптарына қатысты, олар «материалдар»,
«дайын өнім», ‘»тауарлар», «де-биторлық борыш» және басқалар.
6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану
принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-
де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық
коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-
фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және
негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс
баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-
ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде
есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына
әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның
шаруашылық қаражаттарынын «бағасын» (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-
дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін
дәлелдейді.
Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік баға-
сын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем бас-
қаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-
та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық
баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.
7.Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық
субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы
факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ фактор-
лардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және
жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйым-
дастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің
кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржы-
лық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономи-
калық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.
Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып
табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көр-
сеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсет-
кіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сома-
сын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz