Жанболат Мамайға тағылған айып өзгертілді
Саясаткер Жанболат Мамайға тағылған айып алынып тасталды, — деп хабарлады Жұбайы Инга Иманбай. Бұл туралы Kaztag.kz сайты жариялады.
«24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып алынып тасталды. Қазір оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 400 – бабына сәйкес «заңсыз митинг ұйымдастыру» болып қайта қаралып жатыр. Ол әлі де қамауда, жазаға тартылуда», — деді Иманбай Адам құқықтары жөніндегі Еуропарламент кіші комитетінің отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, Мамай наурыз айынан бастап қамауға алынды.
Фото: rus.azattyq.org