Үкімет құрамында халықпен жұмыс істеп көрмеген министрлер отыр — депутат
Үкімет мүшелерінде табандылық жоқ, әкімге де сөзі өтпейді — депутат
Қаңтардар кейін халық Үкіметке үлкен үміт пен сенім артты. Бірақ министрлер қабинеті өзіне дейінгі әріптестерінің қателігін қайталап жатқан жоқ па? «Сұрауы бар» youtube арнасына сұхбат берген мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев осындай сұрақ қойылды. Өйткені депутат қазіргі Әлихан Смайыловтың командасына көңілі толмайтындардың бірі.
«Мемлекеттік билік, оның ішінде Үкіметті бірден переформацияға өткізу өте ауыр. Өйткені Үкімет екеуара келісіммен жұмыс істеп кете беретін құрал емес. Олар тек заң аясында ғана қызмет атқаратын мемлекеттік орган. Менің ойымша барлығын бір күнде өзгерткісі келетін министрлер бар. Бірақ бюрократия мен артық жиналыстар кесіренен Үкімет шынайы белсенділігін көрсете алмайды. 10 айдың қорытындысы бойынша Үкіметке айтылатын сын жетеді», — дейді.
Депутаттың министрлер табандылық танытса деген тілегі бар. Себебі олар тапсырмаларын әкімдіктерге де орындата алмай жатады.
«Әкімді құрметтеу керек. Бірақ оның астында қызметке деген адалдық тұруы керек. Үкіметте көтеріп, әкімге мәселені шештірту керек. Қазіргі Үкімет мүшелерінің арасында әкім бар ма? Әкім болғаны жоқ. Халықпен жұмыс істемеген. Мәселені халықпен шешіп көрмеген. Үкіметтің 3/1 бөлігі жергілікті әкімдікте істеп көрген адам болуы тиіс», — дейді Елнұр Бейсенбаев.
Депутат оның үстіне Үкіметтегілер ашық статистикадан қорқады. Сондықтан кемшіліктерін жасырып қалуға тырысады.
«Бізде ашық статистика жоқ. Үкіметтің жіберіп отырған бір қателігі – шынайы, ашық статистикадан қорқады. Жұмыссыздық бойынша бір мысал келтірейін Статистика агенттігі жастардың жұмыссыздығы 4 пайыз деп айтады. Әлемдік стандарттан да төмен. Шамамен 80 мың бала. Енді сіз 80 мың жас жұмыссыз дегенге сенесіз бе? Оған мен де сенбеймін», — дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп көріңіздер.