Қазақстан мен Ресей шекарасының 30 пайызы шегенделмеген
Қазақстан-Ресей шекарасын шегендеу үшін 2-3 жыл керек көрінеді.
Қос ел арасында шекараның 30%-ы шегенделмеген.
– Қазақстан мен Ресейдің шекарасы 7,5 мың шақырымнан асады. Оның 70%-ы демаркацияланған яғни шегендеуден өткен. Енді қалған 30%-ы таулы аймақта орналасқан. Бұл тағы 2-3 жылдай уақытты алады. Әрине, екі жақтан межелеу процесі біткен. Шекараның қай жерден өтетінін нақты біліп отырмыз. Тек шегендеу процесі қалды, – дейді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.