Рамиль қазақ тілін қорлап, менсібегені үшін құн 500 миллион теңгедей қаржы төлесін – Тұрарбек Құсайынұлы

0

Анау проресейшіл Рамиль Мухоряпов сияқты русофил кәсіпкерлердің ағаттық жасап білмей қалыппын, жаздым-жаңылдым деп сүмірейгені қазақтың мүддесіне қаншалықты сай келеді?!

Тұтас мемлекет құраушы титульды ұлттың ар-намысына тиетін сөз айтып,қазақтан кешірім сұрап немесе тек қана әкімшілік штрафпен оңай құтыла салу — тіліміздің қадыр-қасиетін аяққа таптау емес пе?!

Рамиль Мухоряпов сияқты Ресейге қарап ұлитындар қазақтың арқасында байып,жағдайын баяғыда түзеп алған,оны ешуақытта орыстілді билік жазалай алмайды,ең дұрысы қазақ тілін қорлап, менсібегені үшін құн (компенсация) ретінде қаңтар құрбандарына арнап 500 миллион теңгедей қаржы төлесін!

Бұндай русофил кәсіпкерлерді тек осындай әдіспен орнына қою керек..

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Мақала авторының пікірі редакция ұстанымын білдірмейді!