«Өте ауыр тиді»: Тұңғышбай Жаманқұлов өзін сатып кеткен шәкірті туралы айтты (Видео)
Актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне сенген адамдарының опасыздық жасағанын «Бірегей» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Қазақтың ұлы пәлсапалық сөздерінің бірі — түбі қайыр. Опасыздықтың білмей, біреудің азғыруымен жасағанын кешіруге болар. Ал өз ұстанымымен «Өзім солай деп ойлаймын. Менікі дұрыс» деп жасайтын опасыздықты кешірудің қажеті жоқ. Оны ұмыту керек меніңше. Сеніп жүрген адамдардың сатып кеткені болды. Тіпті өзімнің шәкіртімнің сатып кеткенін көрдім. Ол өте ауыр тиді. Мен ұстаздарымның ешқайсысын сату деген ой жоқ. Бірінші сыныпта жетекші болған ұстазымды білемін», — деді жан сырын ақтарған Жаманқұлов. Айта кетейік, осыған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов «Тамаша» театрын ашқанына өкінгенін жеткізген еді.