Атырауда оқушы мұғалімді итеріп, жарақаттаған

0
Атырауда оқушы мұғалімді итеріп жіберген. Салдарынан мұғалім дене жарақаттарын алып, денсаулығына байланысты демалысқа шықты, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 11 қазанда, №24 орта мектепте болған. Аймақтық білім басқармасының мәліметінше, 7-сынып оқушылары тарих пәнінен БЖБ тапсырған. Мұғалім тапсырманы орындамай отырған оқушының жанына келіп, не себепті ештеңе орындамағанын сұраған. Оқушы мұғалімді қатты итеріп жіберген, салдарынан мұғалім еденге құлаған. Мектепке бірден оқушының ата-анасы шақыртылып, олар педагогтан кешірім сұраған.

Дәрігер мұғалімге оң қолының көгеруі диагнозын қойған. Ал оқушы мектепте есепке алынып, құжаттары кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияға жіберілген.