«Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды»: Қайрат Әділгерей тағы да сынның астында қалды
Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей еліміздегі тойлардың бірінде орынсыз қалжыңдаймын деп сынның астында қалды.
Қайрат Әділгерей өзі жүргізген тойда әнші Ұланғасыр Қамиды ортаға шақырып жатып: «Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды. Қарсы алыңыздар Ұланғасыр Қамиев — Қызыл Раушан», — деді.
Бұл сөзі тойдағы қауымның біразына жақпай қалғанын байқауға болады.
Желі оқырмандары: «Аузым бар деп оттай береді екен», «Осының-ақ жүрген жерінен шөп шықпайды екен», «Масқара», «Бір күні плотно оңбайды», «Орынсыз қалжыңдасады», «Жағымсыз әзілдейді», «Бір күні оңбай таяқ жейді ғой», — деп пікір қалдырды.