Қазақстанның энергокомпанияларының 52%-ы жылыту маусымына дайын емес
Қазақстанның энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарының жартысынан көбі күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын ала алмады, — деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің (ЭМ) Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті.
«Қыркүйек айында5ы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау процесі аяқталды. Бүгінгі таңда 161 өтініш келіп түсті, оның ішінде 77:54 станция және 23 желі берілді, тағы 84: 40 станция, 44 желі қаралуда», — делінген ҚР ЭМ ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Осылайша, энергетикалық компаниялардың 52% — дан астамы дайындық паспортын ала алмады.
Ақпаратқа сәйкес, еліміздің көптеген аймақтарында жылыту маусымы қыркүйек айының соңынан басталады.
ҚазТАГ хабарламасы бойынша