«Жолдан қосылған авторды алып тастау керек»: Депутат әнұранның бастапқы нұсқасын қайтаруды ұсынды

0

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ел әнұранының бастапқы нұсқасын қайтару қажет екенін жеткізді.

Депутаттың айтуынша, әнұран мәтініндегі кей сөздер қисынға келмейді.

“Әнұранның әні жақсы, сөзіне онша қосыла алмаймын. «Аман сау қалыппыз» деп екі рет айтудың әнұранға не керегі бар?  Дәл қазіргі әнұранға кей авторлар жолдан қосылып, көптеген өзгеріс енгізіп жіберді. Кезінде Шәмші мен Жұмекен Үкімет үйінің емен есігінен де кіре алмады. Әнұранның мәтініне өмірден өтіп кеткен екі адамның ортасына барып Елбасымыз кірді деп бұған дейін де айтқанмын”, – дейді ол.

Қазыбек Исаның сөзінше, әнұранның бастапқы нұсқасын қайтару – орынды іс.